Руханият

Жаңа қазаққа әмеңгерлік салты керек пе?

Әмеңгерлік мәселесі ру ақсақалдарының қатысуымен туыстар арасында мұқият талқыланып, ортақ ұйғарыммен шешілген. Мұндай неке тек әйелдің разылығымен ғана қиылған. Ал шариғат заңына сәйкес тек дәулетті адамдар белгілі бір себептермен көп әйел алған.

Динара бір жыл бұрын күйеуі авариядан қайтыс болған. Ол әлі күнге дейін ата енесімен бірге тұрады, екі бала тәрбиелеп отыр.

Жақында оның туыстары оған әдет-ғұрып бойынша бойдақ қайын інісіне үйленуді ұсынды. Енесі немерелерінің отбасында қалуын қалайды.

Динара алты жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Ол марқұм күйеуі Нұрланды қатты жақсы көрді және де әрқашан ата-енесіне құрметпен қараған. Қайын енесімен ешқандай қақтығыс болған жоқ және екі ұл сыйлаған.

Марқұм жұбайы вахталық әдіспен жұмыс жасаған, тапқан ақшасын отбасынан аямайтын. Ол вахтаға бара жатқанда кенеттен апатқа ұшырады.

Ол Мен үшін әрқашан ең жақын және жарқын адам болып қала береді,

дейді Динара.

Келін қайғыдан қан жұтып баласынан айырылған ата енесін ойлап, оларға қолдау көрсету және осы азапты жеңуге көмектесу керек деп өзімді ұмыттым дейді.

Күйеуі қайтыс болғаннан кейін жас әйел тырп ете алмады, ол әлі күнге дейін марқұмның ата-анасымен бірге тұрады, келінінің міндеттерін орындауды жалғастырады, ата-енесіне және туыстарына қамқорлық жасауда. Сонымен қатар, балалары атасы мен әжесіне өте жақын.

Биыл мен 28 жасқа толдым, Нұрлан екеуміз құрдастар едік.

Қайын енем менің болашағым үшін алаңдайды, әсіресе немерелерім үшін алаңдайды. Жақында жұбайымның ата-анасы мені байыпты әңгімеге шақырды.

Қайын атасы қазақтың «әменгерлік»дәстүрі туралы айта бастады. Бұл кезде жесір марқұм күйеуінің жақын туысына үйленеді. Басында олар маған бұл туралы не үшін айтып жатқанын түсінбедім. Олар менің жұбайымның інісіне үйленгенімді қалайды екен. Бұл ұсыныс мені таң қалдырды,

деп мойындайды жас әйел.

Қайын інімнің есімі Қайсар, ол 25 жаста. Ол бұрын ешқашан үйленбеген. Жас жігіт құрылыс фирмасында жұмыс жасайды. Ең бастысы, ол маған үйленуге және балаларыма қамқорлық жасауға дайын. Барлығы менің келісімімді күтеді ал мен онымен отбасын құруға дайын емеспін.

Менің анам да маза бермей, Қайсарға тұрмысқа шығуды айтады. Қайсар да маған қамқорлық жасайтынына сендіреді. Мен қазір қалай болу керектігін білмеймін,

дейді Динара.

Оқырмандардің бірі қолдаса, басқалары қарсы болып шықты.

  • Ескінің заманы деп қоясыздар, егер қайыны жақсы болса, неге сол елде қалмасқа!? Жесірдің күні күн емес! Балаға нағыз еркектің тәрбиесі керек!
  • Бұрыңғы салт- дәстүр керемет еді. Ана мен баланың жағдайын ойлаған. Қазір жаңаның адамы болып асып- тасып жатқан дымымызда жоқ! Тек ана мен бала өлімі көп! Жетімдік көп, жалғыс басты әйел болғанмен тірлігі еркек!
  • Тізесі шыққан салт!
  • Басқа тиран, педофил күйеуге шыққанша, осылай әмеңгерлік ғұрып та дұрыс шығар?
Сая Манарбековна

Recent Posts

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

1 неделя ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

4 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

8 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago