Астана атауы қайтарылсын. Назарбаевтың есімі неге трендте емес?

Қаланың жаңа атуын халық қабылдамады. Ол рас. Оған қоса адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген қаншалықты дұрыс деген сұрақ туындайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа Жолдауын жариялады. Жақсы бастамалар көтерді. Соның ішінде ең көп талқыланғаны кезектен тыс Президент сайлауын өткізу ұсынысы болды. Тіпті қоғам өз нұсқаларын жаза бастады. Тоқаевқа қарсылас болатын ықтимал үміткерлер тізімдерін жаза бастады. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері де тыс қалған жоқ. Ойларын ортаға салды.

Депутаттар конституциялық реформаны қолдап отыр. Жаңа Қазақстанды құруға дайын. Еліміздің суперпрезиденттік биліктен арылуын дұрыс бастама дейді. Сондықтан қайта сайлану құқығынсыз 7 жылдық бір мерзімді енгізу ұсынысына оң пікір білдірді.

Яғни, жаңа демократиялық мемлекет құру жолында Конституциямызға өзгеріс енгізетін болсақ, мүмкіндікті қалт жібермей, Ата Заңға тағы бір аса маңызды мәселені ензігу керек дейді, депутаттар. Олар елорданың атын қайта қайтару керектігін алға тартып отыр.

Адамның көзі тірісінде қалаға оның есімін берген дұрыс деп есептемейміз және де қаланың жаңа атауын халық та қабылдамады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің өзі ұсынған Астана атауын қайта қалпына келтіру тарихи әділдік болар еді.

Бұл әділ шешім болатыны сөзсіз. Тіпті халық бір кезде петиция жариялап, «Астана» атауын қайтаруға тырысқан еді. Енді Назарбаевтың бас қаланың құрылысын салдырудағы еңбегін бағалаған жөн болады. Халықтың көзқарасымен санасу да еліміздің демократиялық бағытты қолдайтынын білдіретін болар.

Еске сала кетейік, Астананы Нұр-Сұлтан деп өзгерту идеясын Тоқаев өзі ұсынған болатын. Бұл Назарбаев президенттік өкілеттігін тоқтатқан күні болды. Парламент депутаттары сол күні аталмыш өзгерістерді бірауыздан құптады. Ал кейінірек Назарбаевтың есімі трендке айналғандай болды. Еліміздің басқа қалаларында да бірінші Президенттің есімімен көшелер, даңғылдар мен саябақтар атала бастады. Аталмыш дәстүр қоғамда әлі күнге дейін оң қабылданған жоқ. Бұған сіздің ойыңыз қалай?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago