Categories: Қоғам

Жаңа Қазақстанда цензура күшейеді

8 ақпанда Астана мен Алматыда журналистер мен құқық қорғаушылар баспасөз мәслихатын өткізіп, «Масс-медиа туралы» заң жобасының шикі тұстарын атап өтті, дейді qaz365.kz.

Олардың пікірінше, заң жобасы осы күйінде қабылданып кетсе, журналистердің құқығы шектеліп, кәсіби тұрғыда жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.  

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанында құрамына 60-тан астам медиасала өкілдері, сарапшылар мен журналистер кірген жұмыс тобының мүшелері бірнеше ай бойы БАҚ туралы заң жобасының мәтінін талқылады. Түбегейлі жаңа, озық заң жасау туралы мәлімдемеге қарамастан, министрлік «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» және «Телерадио хабарларын тарату туралы» екі ескі құжатты араластыруды ұсынды дейді журналистер.

Белгілі журналист, «Мінбер» қоғамдық қорының жетекшісі Есенгүл Кәпқызы бұл заң жобасына қатысқан 60-тан астам азаматтық қоғам өкілінің айтылған ойлары мен ұсыныстары ескерілмегенін айтады. Бұл заң осы күйінде қабылданып кетер болса, цензура күшейетінін алға тартады. 

Ең басты мәселе – журналистердің құқығының кеңеюі емес, шектелуі.  Бұл заң осы күйінде қабылданып кетер болса, бізде цензура күшейеді. «Журналистерге ерекше статус беріледі» дейді. Бірақ бұл арқылы біз өз құқығымызды шектейміз. Егер біздің қоғамда сөз бостандығы өз деңгейінде болар болса, журналистердің ерекше құқығы сол болар еді деп ойлаймын,

дейді Есенгүл Кәпқызы.

Сондай-ақ журналист заң жобасының тағы бір шикілігі медиа этиканы заңдастыру мәселесі екенін айтады. Оның пікірінше, медиа этиканы жазатын да, ұсынатын да,  қабылдайтын да журналистердің өзі. Медианы реттеу журналистердің өз қолында болуы керек деп санайды.

Медиа этиканы заңдастыру мәселесі бар. Егер бұл заңдастырылатын болса, журналистердің құзіретіне үлкен кедергі келтіреді. Арнайы комиссия болатынын айтады. Бірақ бұл комиссия мүшелері кімдер? Кез келген мемлекеттік тарихын алып қарасаңыз, медиа этика заңмен қорғалмайды. Медиа этиканы жазатын да, ұсынатын да, қабылдайтын да журналистердің өзі.  Сондай-ақ бұл ұсыныс төменнен келуі керек. Біздегі сияқты жоғарыдан емес. Медианы реттеу журналистердің өз қолында болуы керек, 

деді журналист.
Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago