Қоғам

Жаңа әкім Ербол Қарашөкеевтің бірінші күні жанжалмен басталды

Жамбыл облысының жаңа сайланған әкімі Ербол Қарашөкеевтің басы алғашқы жұмыс күнінен бастап дауға қалды. Әкімдікке жиналған ата-аналар шенеуніктің күні кеше жайғасқан жылы кабинетінен сыртқа шығуын талап етті. Өйткені өңірдегі жекеменшік мектепте оқитын 10 мыңнан астам оқушы тегін тамақтан қағылған екен.

КТК арнасының хабарлауынша, одан қалды оқу жылы қарсаңында көмек ретінде берілетін 40 мың теңгенің де бір тиынын көрмедік дейді наразылар. Ата-аналар жеке мектепке балаларымызды ақшамыз асып-тасығаннан емес, мемлекеттік мектептің болмауынан бердік дейді.

Тараздағы 15-ші шағын ауданда тұратын өкпелі жұрт өгейдің күнін кешкен. Балаларын жекеменшік мектепте оқытудан басқа амалы жоқ. Өйткені Ұлы дала ауданында әлі күнге бірде бір мемлекеттік білім ошағы бой көтермеген. Сол себепті мұндағы оқушылар мемлекет тарапынан берілетін тегін тамақ пен қаржылай көмектен қағылдық дейді.

Ашуланған ата-аналар облыстық әкімдік алдында айқайға басты. Олар өңірдің жаңа басшысымен кездеспек болған. Бірақ Ербол Қарашөкеев келмегесін, жиналғандар әкімнің кабинетіне басып кірді. Әкімдіктегі шенеуніктерден бастап құзырлы органдарға дейін аяғынан тік тұрғызған ата-аналар су жаңа әкімді де жұмсақ креслосынан тұрғызбай қоймады. Аймақ басшысы жиналғандарды залға кіргізіп, арыздарын министрлікке жеткізетінін айтты.

Қазіргі таңда бұл мәселе ашық. Министрлік айналысып жатыр,

деді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

«Енді бұларды министрлікке қарауын ұсынып жатырмыз. Жақын күндері қаралады. Сөйтіп жекеменшік мектептерді қосайын деп отырмыз. Сол өзгерісті күтіп отырмыз», – деді Жамбыл облысы білім басқармасының басшысы Мейірхан Өмірбек.

Сосын жаңа әкім ертең дауы басылмайтын, мәселесі таусылмайтын ауданға өзі барып, мәселені май шаммен қараймын деп басу айтқандай болды.

Министрлікпен, қазір министрмен сөйлесіп, проблемаларыңызды жеткіземін. Ол жағынан күмән болмасын. Мен шағынауданды өз аяғыммен жүріп аралаймын. Уайымдамаңыздар,

деді әкім.

Кездесуде тек Жамбылда ғана емес, барлық өңір бойынша жеке мектептерде ақылы тамақтанып жүрген оқушылар жайында да сөз болды. Шенеуніктер бұл мәселе жақын арада Мәжіліс мінберінде көтерілетінін айтып қалды. Егер ұсыныс қабылданса, жаңа заңға өзгерістер еніп қалуы бек мүмкін. Ал мектепке жарымаған Ұлы дала ауданында қазір төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қараша айында 1200 балаға арналған су жаңа ағарту ошағы мерзімінен бұрын пайдалануға берілмек.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago