Президент жарлығымен үкіметтің жаңа құрамы бекітілді. Бұған дейінгі құрамда болған министрлердің көпшілігі қызметінде қалды. Тек энергетика министрлігі мен сыртқы істер министрлігінің басшысы ауысты.
2022 жылдың қаңтарынан бері энергетика министрлігін басқарған Болат Ақшолақов қызметінен босатылып, президенттің кеңесшісі болды. Оның орнына 2021 жылдан бері «Самұрық-Қазына» қорын басқарып келген Алмасадам Сәтқалиев келді.
Сондай-ақ енді сыртқы істер министрлігін Мұрат Нұртілеу басқарады. Ол 2022 жылдан бері Президент әкімшілігі басшысы лауазымын атқарған. Енді Нұртілеу министр ғана емес, премьер-министрдің орынбасары болды.
Үкіметтің жаңа құрамы:
Әлихан Смайылов – премьер-министр;
Роман Скляр – премьер-министрдің бірінші орынбасары;
Мұрат Нұртілеу – премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі;
Ерұлан Жамаубаев – премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі;
Серік Жұманғарин – премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі;
Алтай Көлгінов – премьер-министрдің орынбасары;
Ғалымжан Қойшыбаев – премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы;
Руслан Жақсылықов – қорғаныс министрі;
Марат Ахметжанов – ішкі істер министрі;
Дархан Қыдырәлі – ақпарат және қоғамдық даму министрі;
Ербол Қарашөкеев – ауыл шаруашылығы министрі;
Азамат Есқараев – әділет министрі;
Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі;
Ажар Ғиният – денсаулық сақтау министрі;
Тамара Дүйсенова – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;
Марат Қарабаев – индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;
Асхат Оралов – мәдениет және спорт министрі;
Ғани Бейсембаев – оқу-ағарту министрі;
Юрий Ильин – төтенше жағдайлар министрі;
Әлібек Қуантыров – ұлттық экономика министрі;
Бағдат Мусин – ұлттық экономика министрі;
Зүлфия Сүлейменова – экология және табиға ресурстар министрі;
Алмасадам Сатқалиев – энергетика министрі.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…