Categories: Саясат

Смайылов 1 шілдеде күшіне енетін Әлеуметтік кодекс жайлы айтты

Жаңа Әлеуметтік кодексті Парламент қабылдап, Мемлекет басшысы қол қойды. Ол 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Жаңа Кодексте ұсынылып отырған шаралар әлеуметтік қорғау жүйесін қайта ретке келтіруге мүмкіндік береді. Жалпы, Кодекс халықаралық стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Кодекстің маңызды жаңалығының бірі зейнетақыны кезең-кезеңмен арттыру болып табылады. Биылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ке өседі.

Яғни, 2 миллионнан астам зейнеткер осы қолдау шараларымен қамтылады.

Жалпы, қабылданып жатқан шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ке арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ азаматтар өздерінің зейнетақы активтерінің 50%-ін сенімгерлік басқаруға беруге құқылы болады.

Смайылов атағандай, жинақтардың қалған бөлігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында қалады.

1 шілдеден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағы 14,5%-ке ұлғаяды.

Жалпы өсім – 23%-ті құрайды. Мүгедектік медициналық мекемелерге міндетті түрде бармай-ақ және растау алмай-ақ, проактивті түрде белгіленеді.

Қорытындыны тәжірибелі дәрігерлерден құралған тәуелсіз сарапшылар береді.

Балалы отбасыларды қолдау үшін Алтын алқа, Ана даңқы және «Батыр Ана» наградаларымен марапатталған аналарға төленетін жәрдемақы мөлшері сараланды.

Еліміз бойынша 90 мыңға жуық ана жоғары жәрдемақы алады. Жаңа Кодекске сәйкес Еңбек ұтқырлығы орталықтары құрылуда.

Өңірлерде жұмыс орындарының бірыңғай базасы болады. Бұл жұмыс іздеу процесін жылдамдатады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago