Categories: Саясат

«Жаңа саясатқа көшеміз»: Тоқаев өз бағдарламасын таныстырды

Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық қоғамдық штабында өз бағдарламасын таныстырды. Президенттің сайлауалды бағдарламасы «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін» деп аталады.

Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан жаңа мемлекеттік саясатқа көшеді. Өйткені елімізде қордаланып қалған мәселе көп. Соның салдарынан азаматтардың мемлекет пен билікке деген сенімі азайған.

«Бүгінде сыртқы және ішкі сын-қатерлер күшейген күрделі уақытта да мақсат-мұраттарымызға қол жеткізу біздің қолымыздан келетініне мен кәміл сенемін. Алдымызда әлі талай сынақтар болуы мүмкін.

Біздің бір ғана мақсатымыз бар. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Шындығын айтқанда, елімізде әлеуметтік салада, экономика мен саясатта көптеген жүйелі мәселе қордаланып, азаматтардың мемлекет пен билікке деген сенімсіздігі арта түсті. Бұл мемлекетіміздің тұрақты дамуын тежейді, ұлттың жасампаздық мүмкіндіктерін шектейді. Сондықтан мемлекеттік саясатымызда әділеттілік идеясы ең маңызды болуы тиіс»,

деді Тоқаев.

Президент бағдарламаның әр тармағын өзі жазғанын да айтты.

«Біздің бүкіл ұлттық идеологиямыз әділет идеясымен сіңетін болады. Біз қабылдаған әрбір шешімнің, әрбір әрекетіміздің негізінде әділдік идеясы болады. Біздің басты байлығымыз бен бәсекелестік артықшылығымыз – адамдар. Сондықтан біз «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген формуланы берік ұстанатын боламыз. Әділ Қазақстанды құру үшін біз өзара байланысты үш қағидаға негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшеміз», –  деді ҚР Президенті.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago