Саясат

Жаңаөзен әкімі «Жигулимен» жүретінін айтты

Журналист Асхат Ниязовқа сұхбат берген Жаңаөзен әкімі Айбек Қосуақов қаладаға мәселелер туралы сұраққа жауап беріп, жалақысы мен мүлкі жайлы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сұхбат барысында Айбек Қосуақов Жаңаөзендегі жұмыссыздық мәселесі, су мен тұрғын үйлердің жай-күйі туралы сауалдарға жауап берген. Ал жол мәселесіне келгенде журналист әкімнің жеке көлігі жайлы сұрады. 

Көлігімнің маркасы «Жигули». Бірақ бұл жерде емес, Ақтауда. Соңғы модельдегі «Жигули». Оның моделі көп қой, «Granta» шығар, «Vesta» емес. Қандай екенін білмеймін әрі көлікті өзім жүргізбеймін. Балалар мінеді. Ақтауда пәтерім де жоқ. Жылжымайтын мүлік мүлде жоқ. Қазір қызметтік пәтерде тұрамын. Түпқарағанда да қызметтік үйде тұрғанмын. Егер мемлекеттік қызметтен кетсем, пәтерді жалға аламын,

деді ол.

Айбек Қосуақов жалақысы 700 мың теңге екенін мәлімдеді. Сөзінше, жалақысы жеткілікті. 

Жаңаөзендегі орташа жалақы туралы айтқанда мынаны ескеру керек. Мысалы, «ӨзенМұнайГазда» жалақы жоғары. Сонымен қатар бізде бюджеттік ұйымдар бар, мектеп пен балабақша секілді. Мұнда жұмыс істейтін адамдардың жалақысы төмен. Мен қазір орташа жалақы 500 мың немесе 350 мың деп айтсам да болады. Менің жалақымды үкімет белгілейді, бұдан бас тарта алмаймын. Маған да отбасымды асырау керек,  

деп қосты әкім.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago