Categories: Оқиға

Жаңаөзенде болған жарылыстың себебі анықталды – прокуратура

Облыстық прокуратура хабарлағандай, көппәтерлі үйдегі жарылысқа газдың жылыстап ағуы себеп болған.

17 сәуір 2023 жылы сағат 04:05 шамасында Жаңаөзен қаласы, Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан 2-қабатты үйде газдың ағуы салдарынан жарылыс болды. Осы факті бойынша Маңғыстау облысы бойынша ТЖД-мен ҚР ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды,

деді Маңғыстау облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Қазір аталған іс бойынша облыс прокуратурасымен процестік прокурорлар тобы айқындалып, облыстық ТЖД және ПД басшыларының бірлескен бұйрығы негізінде ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Еске салайық, бүгін таңғы сағат 04:05-те Жаңаөзен қаласында 12-пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде жарылыс болды. Болжам бойынша газ қоспасы төгіліп, 150 шаршы метр аумаққа зиян келді. Жарылыс салдарынан 4 адам қаза тапты.  Аталған дерекке қатысты жедел штаб құрылды. Сондай-ақ төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер берілетіні хабарланды. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев үйінді астында қалған барлық зардап шеккендер сыртқа шығарылғанын және аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago