Қоғам

Жаңа жылда отшашу атқандар айыппұл арқалайды

Жаңа жылда отшашу атқандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды.

Егер фейерверк атқан ірі бизнес субъектісі болса, айыппұл көлемі – 345 мың теңге.

Өйткені бұл түнгі сағат 22:00-ден кейін әлеуметтің тыныштығын бұзу болып саналады, деп хабарлайды Астана арнасы.

Ал оған дейін көңіл көтергісі келгендер отшашуды үй-жайдан 50 метр қашықтықта тұрып атуы тиіс. Бірақ ағаш маңында қолдануға мүлдем болмайды.

Ішкі істер министрілігі мейрам алдында пиротехника сататын нүктелерді тексере бастады. 60 дүкеннің сатуға рұқсаты болмаған. Сертификатталмаған 800 өнім тәркіленді.

 Қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды сату қызмет түріне тиісті лицензиялары бар мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан сатып алған дұрыс. Ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оны қолдану жөніндегі нұсқаулығы болуы тиіс.

Бұйымның сыртқы қаптамасы дұрыстығына және сақтау мерзімінің міндетті түрде назар аудару қажет. Егер де тауар мерзімі өтіп кетсе, тауарлық түрі жоғалса, онда ол пиротехникалық бұйымды пайдалануға болмайды,

деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Идрисов.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

2 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 неделя ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 неделя ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 неделя ago