Фото: ашық дереккөзден
Олар Швециядан ұстап әкелініп, 5 жылға сотталды.
Шымкент қаласының екі тұрғыны 4000 еуро сомасында жалған ақшаны (номиналы 500 еуро банкноталар) сатты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды КТК арнасы.
Бұған дейін 2021 жылы қала банктерінің бірінің қызметкерлері алдын ала сөз байласу арқылы банк клиенттеріне жалпы сомасы 4 000 еуро жалған ақша сатқан.
Аталған факт бойынша тергеу жүргізілді, оның нәтижесі бойынша банктің 5 қызметкері кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Банк қызметкерлеріне жалған купюра берген азаматқа халықаралық іздеу жарияланып, наурыз айында ол Швецияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланған.
Маусым айында күдікті мен оның жұбайына қатысты іс сотқа жіберілді. Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақтық танытуға және қолма-қол ақшаны мұқият қайта санап алуға шақырады.
Жалған ақша тауып алсаңыз, ең бастысы — оны сатуға тырыспаңыз. ҚР ҚК 231-бабына сәйкес өз қаражатын қайтарып алуға деген ұмтылыс қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Жалған купюра тапсаңыз, дереу түрде тұрғылықты жеріңіз бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне немесе ҚР ҚМА call-орталығына хабарласыңыз.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…