Categories: Қоғам

«Жалғыз асыраушымыз еді»: Шымкенттегі жол апатынан тірі қалған жалғыз қыздың жағдайы белгілі болды

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобустың астында қалған 18 жасар қыздың анасы қызының жағдайы туралы анық-қанығын айтып, кінәлілерден өтемақы талап етті деп хабарлайды Otyrar.kz.

Шымкентте автобус алты адамды қағып кеткен еді. Оның бесеуі көз жұмды, тек 18 жастағы қыз тірі қалды.

Әйелдің айтуынша, қыз көп балалы отбасыдан шыққан. Ол медбике болып жұмыс істеп, отбасын асырайтын.

Автобус апатынан кейін қыз бірнеше жарақат алды. Емдеу және оңалту бір айдан астам уақытты алады. Зардап шеккен қыздың анасы автопарктен барлық медициналық шығындарды жабуды және өтемақы төлеуді талап етті.

Қызым отбасымыздың жалғыз асыраушысы еді. Азық-түлік пен коммуналдық қызметтің барлық шығындарын жабатын. Мен көп балалы анамын, алты балам бар. Кішкентай балам сегіз айлық. Бір бүйрегім жоқ болғандықтан, жұмыс істей алмаймын. Енді әзірше қызым да жұмыс істей алмайды. Бізді кім тамақтандырады? Автопаркке өкпем қара қазандай, істері үшін жауап берсін. Қызым қанша жыл емделуі керек. Егер бірнеше жылдан кейін осы апаттың салдары байқалса ше? Бұған кім жауап береді?!

деді 18 жастағы қыздың анасы Мәдина Сейдалиева.

Қайғылы оқиға күні Мәдинаның қызы ауызашарға бармақшы болған. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде жолдан өтуге ыңғайланған кезде жүргізушісі жоқ автобустың астында қалады. Миының жабық жарақаты, мидың шайқалуы, көгеру және жырықтармен реанимацияға жатқызылды.

Таңертең науқастың жағдайы орташа ауыр ретінде бағаланды. Тағайындалған ем бойынша ауруханада қаралуда. Динамикада ота жоспарланбады. Емін жалғастырады,

деді Шымкент қаласының №1 клиникалық аурухана бөлімшесінің меңгерушісі Эльдар Смағұлов.

Полиция қылмыстық іс қозғап, Шымкент әкімдігіне автобус паркін лицензиядан айыру туралы ұсыныс жолдады.

Сараптама тағайындалды. Автобус жүргізушісі тергеу изоляторында. Шымкент әкімдігіне «Shymkent bus» компаниясын жолаушылар тасымалына лицензиядан айыру туралы ұсыныс жібердік. Ұсынысты қарау мерзімі бір ай,

деп мәлімдеді Шымкент қаласы ПД тергеу бөлімінің бастығы Нұрдәулет Сүйеубеков.

Shymkent bus автобус паркінің директоры қыздың отбасымен әлі байланыса алмағанын айтты. Азат Қайыпов тасымалдаушы компания қажетті қаржылық көмек көрсететініне және зардап шеккен отбасы алдындағы жауапкершілікті нотариалды куәландыруға дайын екеніне сендірді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago