Атақ және ақша

«Жалғыздық ешкімге жараспайды»: Тележүргізуші Динара Сәтжан жеке өмірі туралы

Танымал тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан “Esquire Kazakhstan” подкастына берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді. 

Кәсіпкер не себепті жеке өмірін құпияда ұстайтынын түсіндірді.

Кейде мен өзіме риза боламын. Адамдар ғашық болып, ақымақтықпен суретін жариялайды, кейін айырылысып жатады. Ал ғаламтор оның бәрін сақтап, еске түсіріп отырады. Сол себепті жеке өмірімді құпияда ұстағаным дұрыс болған деп ойлаймын. Мен ерте тұрмысқа шықтым, ол кезде әлеуметтік желі болған жоқ. Бірақ менің бұрынғы күйеуіммен бірге түскен суретім әлеуметтік желіде бар. Мен жасырмаймын. Болашақта тұрмысқа шыққанда, күйеуім жүзігін салғанда және оның менің азаматым екеніне сенімді болғанда міндетті түрде күйеуімнің суретін жариялаймын.  Оған сенімді болмайынша мен ештеңе айтып, көрсете алмаймын. Иә, қарым-қатынаста болдым. Кім қарым-қатынас құрмай жатыр?,

дейді Динара Сәтжан.

Тележүргізуші қай жаста да махаббат керек деп санайды.

Мен ұзақ уақыт қарым-қатынаста болмаған адам ретінде, махаббат керек деп айтар едім. Себебі, жалғыз болу – қиын. Маған ер азаматтың қолдауы керек деп айтпаймын. Өйткені мен материалдық тұрғыдан ешкімге тәуелсіз әйелмін. Жәй ғана жанымда менен де мықты, ақылды, дана ер азамат болғанын қалаймын. Қанша мықты болсаң да, әйел болып бір сәтте әлсіздік танытқың келеді. Жалғыздық ешкімге жараспайды. Болашақта ерте ме, кеш пе маған лайықты ер азамат жолығатынына, отбасын құратыныма сенімдімін. Алла қаласа дүниеге сәби әкелемін. Бірақ жалғыз қалмаудың амалын жасап, уақытымды алатын ер азаматпен кездеспеймін. 20, 40, 50 мейлі 60 жас болсын махаббат қашан да керек,

дейді кәсіпкер.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago