Саясат

Жалаңаш суреттерін «әдемі қыздарға» жіберген 12 шенеуніктің басы дауға қалды

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді суреттері арқылы бопсалаған алаяқтар тобы анықталды.

Шенеуніктердің бірі полицияға көмек сұрап жүгінді, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, алаяқтар әлеуметтік желідегі аватарларына сұлу қыздардың суреттерін қойып, жалған парақшалар ашқан. Сонан соң сол қыздың атынан ер адамдармен әңгіме-дүкен құрған. Уақыт өте келе алаяқтар жалаңаш суреттер жіберіп, шенеуніктен де сурет жіберуін сұраған.

Кейін бұл іске банданың басқа мүшелері қосылған, олардың міндеті ақша бопсалау болған. Олар шенеуніктердің суретін көпшілікке жария етеміз деп қорқытып, картасына ақша аударуды талап еткен.

Қызылорда облысында 12 мемлекеттік қызметкер алаяқтардың құрбаны болды.

Тергеуден кейін 11 жәбірленуші ақшасын қайтарып алғаны белгілі болды: олар азаматтық талап қоюдан бас тартты. Жалғыз Б есімді жәбірленуші кері қайтарылған 500 мың теңгені алмай, бопсалаушыларды сотқа беруге шешім қабылдады.

Сот отырысында сотталушылардың кінәсі дәлелденді, алаяқтар кінәсін мойындады.

Үш сотталушыға қатысты сот үкімі шығып, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігінің 2 және 3-тармақтарымен кінәлі деп танылды.

Олардың әрқайсысына 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу, сондай-ақ үкімді орындау кезінде жылына 100 сағат мәжбүрлі жұмысқа тарту жазасы тағайындалды. Сотталушылардан 500 000 теңге көлеміндегі залал бірлесіп өндірілді. Үкім заңды күшіне енді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago