Жалақы 250 пайыз. Өңірлерге үздік мұғалімдер тартылады

Түркістан, Атырау, Маңғыстау және Алматы облыстарында кадр тапшылығы байқалған. Бұл өңірлерде математика, физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі мұғалімдері тапшы.  

Оқу-ағарту министрі кадр тапшылығынан өңірлерге жұмысқа келген мұғалімдермен онлайн кездесу өткізді. Министр педагогтарды бүгін қандай мәселе алаңдатып отырғанын сұрап, бар болған жағдайда тез арада шешуді тапсырды.

Сондай-ақ Асхат Аймағамбетов жайлы жағдай жасауды, мұғалімдердің тұратын үй мәселесін шешуге көмектесуді, жалақыны біріңғай төлеу мәселесін пысықтауға тапсырма берді. Өңірлерге келген үздік мұғалімдер тап болған кез-келген мәселені бірден шешуді құрылымдық бөлімшелердің басшыларына тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдер тапшылығы немесе білім сапасы нашар өңірлерге үздік мұғалімдерді тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеген болатын. Атап айтқанда,  лауазымдық жалақыға 250 пайыз мөлшерінде ынталандыру төлемдері қосылады. Ол қаржыға жалдамалы тұрғын үй мен коммуналдық төлемдерді өтеу кіреді. Әрі қоныс аударған педагогтың балаларына балабақша мен орта мектептен орын беріледі. Конкурстан өткен мұғалімдермен 5 жылға еңбек шарты жасалады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago