Экономика

Жамаубаев банкроттыққа берілген өтінімдердің 80 пайызы неліктен қайтарылғанын айтты

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев үкімет отырысында жеке тұлғалар банкроттығына өтінімдер неге қанағаттандырылмағанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың шамадан тыс несие алу көрсеткішін төмендету бойынша жүргізіліп жатқан шараларды айта келе, жеке тұлғалар банкроттығына қанша өтінім берілгенін айтты.

2023 жылдың 3 наурызынан бастап 70 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Оның 80 пайызы банкроттық рәсімге сәйкес келмейтіні анықталып отыр. Негізгі себептері: жеке басында мүліктің болуы, борышкердің қарыз сомасы мен төлем мерзіміндегі сәйкессіздік және кредитормен борышты дұрыс реттемеу,

деп мәлімдеді министр.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 9 миллиард теңгеден астам борыш сомасына 6,4 мың азамат банкрот деп танылған.

Министр жекелеген борышкерлер кейбір заңнамалық кедергі салдарынан банкроттық рәсімді кеңінен қолдана алмай отырғанына тоқталды. Сондықтан, ол заңнамалық өзгерістерді ұсынды.

Біріншіден, соттан тыс банкроттыққа жататын қаржы ұйымдарының тізімін кеңейту. Екіншіден, азаматтарды соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы өтінішке қосымша құжаттар беруден босату. Үшіншісі – төлем қабілетін қалпына келтіру жоспары бекітілгеннен кейін, борышкердің шетелге шығуына тыйымды алып тастау. Қазіргі таңда бұл нормалар депутаттармен және тиісті мемлекеттік органдармен пысықталуда,

деді Жамаубаев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago