Оқиға

Жамбыл облысында шетелдік азамат басқаратын өндірісте апат болып, екі адам көз жұмған

Жамбыл облысында украиналық азамат басқаратын өндіріс орнында жарылыс болған. Соның салдарынан үш адам зардап шегіп, екеуі күйіктен көз жұмған. 

Информбюро жаңалықтар бғдарламасының хабарлауынша, апат бір жарым ай бұрын Талас ауданындағы цемент зауытында болған. Жәбірленушілердің айтуынша, кінәлілер істі жабуға тырысуда.

Бұған дейін де пештен ақау шығып жұмысшылар жеңіл жарақатпен құтылыпты. Алайда бұл жағдай еңбек инспекциясына да, құзырлы органдарда да тіркелмеген. Жарақат алған жұмысшы енді тергеу әділетсіз өте ма деп алаңдаулы.

Зардап шеккен қызметкерлердің терісіндегі жара күйіктен қызыл етке дейін өткен. Бір жарым ай бұрын Талас ауданындағы Жамбыл-Недр цемент зауытында жарылыс болып, бес адам ішінде қалған. Оның екеуі күйіктен көз жұмды, ал үшеуі үйлерінде емделуде. Компания басшылары сырт көзге көрінбей, ым-жымын білдірмей, жеке дәрігер жалдауға көндіріпті.

«Ешқайда бармаңдар, ауруханаға бармаңдар, тіркелмеңдер, емді үйде қабылдаңдар, жазылғанша демала тұрыңдар» деді. Мемлекеттік ауқымда қаралатын болғандықтан, президенттің құлағына, министрлікке жетпесін деп қызметкерлерге ақша беріп, дәрігерлердің ескертуіне қарамастан, шығарып алды. Бәрі көз алдымда болды. Мені шығара алмады, өйткені өте ауыр халде болдым. Бұл пеш бұған дейін де бірнеше рет жарылды,

дейді “Жамбыл-Недр” ЖШС қызметкері Елдос Жолдыбаев.

Зауыттың басшылығы апат болғанын жасырмады. Алайда жарылыстан қаза тапқан және жарақат алған азаматтарға тиісті көмек көрсетілгенін айтады.

21-нен 22-не қараған күні қыркүйекте пеште шоқ шашылды. Жарылыс деуге келмейді. Қаза тапқандардың отбасына көмек көрсетіліп жатыр. Олар жансақтау бөлімінде мерт болып жүріп кетті. Қалғандарына да көмек көрсетілуде. Жүз мың теңге көп не аз екенін мен білмеймін. Бірақ ол кісіге көрсетіліп жатқан көмек ретінде ем-домын қабылдап, осымен жазыл деген сөз емес, біз әлі де көмектесеміз,

деді “Жамбыл-Недр” ЖШС басшысы Ербол Шалабаев.

Компания өкілдері зауытта бұған дейін жарылыс болды дегенді растаған жоқ. Еңбек инспекциясы өлім аузынан қалған жәбірленушінің өзін кінәлі деген қорытынды шығарған.

Бұл жерде ол адам болмау керек еді. Жолдыбаев жұмыс орнын тастап кеткен. Тікесін айтқанда, ол жерге түспегенде, оған ештеңе болмайтын еді. Ал басшымыз – Украина азаматы, оның бұл жерде тұруға ықтияр хаты бар. Жұмыс істеуге құқылы,  

деді Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы Еркін Ибрагимов.

Полиция «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» бабымен қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Ал еңбек инспекциясының қорытындысымен жәбірленуші келіспейді. Сондықтан тексерісті Астанадан алдыруға ниетті.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago