12 желтоқсанда әскери киімдегі белгісіз ер адам Жамбыл облысындағы Құлан ауылында бірнеше үйге кіріп, тұрғындарды ұрып-соққан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Жергілікті полиция мәліметінше, ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бет тұсына соққы келтірген. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы азаматшаларды ұрып-соққан. Соңғы азаматшаның үйіндегі жолдасы аталған ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан.
Шақырту бойынша шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен 22 жастағы әскери қызметші полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді.
Аталған дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК 149-бабы 2-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…