Мойынқұм аудандық сотында ар-намысты қорғау туралы іс тыңдалды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Жамбыл облыстық соты баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Мойынқұм аудандық сотында А .есімді азаматқа қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың 73-3-бабы, 2-бөлігі «Жала жабу» бойынша әкімшілік іс қаралды.
2023 жылдың қазанында А. есімді азамат TikTok әлеуметтік желісінде видеожазба жариялап, С. есімді зардап шегушіні жеңіл жүрісті қыз деп айтқан. Сол арқылы оның ар-намысына нұқсан келтіретін көрінеу жалған ақпарат таратқан,
деп түсіндірді сот өкілдері.
Істі қарау кезінде А. кінәсін толықтай мойындап, ісіне өкінді. Зардап шеккен қыз оны кешіріп, істі тоқтатуды сұрады.
Сот бұйрығымен А. әкімшілік жауапкершіліктен босатылып, екі тарап татуласқандықтан іс тоқтатылды.
Бұйрық заңды күшіне енген жоқ, деп нақтылады Мойынқұм аудандық баспасөз қызметі.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…