Оқиға

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: Қырғызстан көмекке құтқарушылар мен еріктілерді жіберді

Қырғызстан өз құтқарушылары мен еріктілерін ауа райының қолайсыздығынан табиғи төтенше жағдай жарияланған Қазақстанның Жамбыл облысына көмекке жіберді. Бұл туралы Қырғызстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Қырғызстан Республикасының төтенше жағдайлар министрлігі сағат 3.05-те кептелістерде қалған азаматтарды эвакуациялау үшін «Ақ-Жол» шекара заставасына 39 құтқарушыны, бес ауыр техниканы, бір «Ниссан» жүк көлігін, екі қарда жүретін көлікті және қажетті техниканы жөнелтті. Сағат 8.05-те Қырғызстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Қазақстан аумағына кірді. Қырғызстан мен Қазақстанның дағдарысты жағдайлар жөніндегі орталық басқармалары арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша волонтерлердің бес көлікпен кедергісіз барып-қайтуы ұйымдастырылып, азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 15 желтоқсанға қараған түні Жамбыл облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланғаны белгілі болды. Өңірде көліктер қар құрсауында қалып, бірқатар пойыздар тоқтап, Шу ауданында бағаналар құлаған. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚТЖ) Жамбыл облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты пойыздар қозғалысының жылдамдығын шектеп, жедел штаб құрғаны белгілі болды. 15 желтоқсан күні таңертең облыс әкімдігі хабарлағандай, қар құрсауынан 5 мыңнан астам адам құтқарылған.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago