Қоғам

Жамбыл облысында жаттықтырушы өз ақшасына спорт кешенін салған

Жаңаталап ауылында Талғат Тойшыбеков есімді жаттықтырушы өз ақшасына шағын спорт кешенін салған. Енді балалар спортзал үшін көрші ауылға барудың қажеті жоқ. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы хабарлады.

Спорт кешенінің құрылысына 22 миллион теңге жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігі жаттықтырушының жеке ақшасы, мал шаруашылығынан түскен табыс. Спорт нысанының құрылысына жергілікті тұрғындар да үлес қосты. Талғат еркін күресті тегін үйретіп, талай спортшыларды дайындап үлгерген. Олардың қатарында еңбек сіңірген спорт шеберлері, түрлі деңгейдегі жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері бар. Сонымен қатар, биылғы жылы ауылдың бірнеше спортшылары Азия ойындарына қатысты.

Бәйтерек кенті мәдениет үйінің ғимаратында бізде де осындай спорт залы бар. Жаңаталап ауылында зал мәселесімен қиын болды. Жергілікті тұрғындармен келісіп, осындай спортзал салуды шештік. Балалар жылы болды, енді республика күніне орай біз бұл залды аяқтадық. Зал қазіргі заманға сай жабдықталған. Душ, жылы еден, жылыту, барлығы бар,

дейді Талғат Тойшыбеков.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago