Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыс кезінде іс-түссіз жоғалған өрт сөндіру бөлімінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегінің қалдықтары табылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Әскериді 2021 жылғы 26 тамыздан бері іздеп келеді.
Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапты. Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті. Жоғалған әскери қызметкердің сүйегінің қалдықтары мен қандас туыстарының ДНК талдаулары толығымен сәйкес келді,
деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Ведомство марқұмның отбасына жерлеу шығыны, атқарған лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаржы мөлшеріндегі біржолғы өтемақы төленетінін айтты. Оған қоса әскеридің балаларына оқуда, жұмысқа орналасуға және басқа да мәселелеріне көмек берілетінін де атап өтті.
Өтемақы мөлшері әскери қызметші қызмет еткен аймаққа және отбасы мүшелерінің санына қарай белгіленеді,
деді Қорғаныс мимстрлігі.
Еске салайық, 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданы Кенен ауылының маңында орналасқан №28349 әскери бөлімінің оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, жарылыс болды. Салдарынан 17 адам қаза тапты, 98-і жараланды, бөлімшенің бір сарбазы іс-түссіз жоғалды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…