Жамбылдық оқушылар адам өмірін құтқаратын сағат жасады. «Екінші жүрек» деп аталатын сағат инсульт, инфаркт және тағы да басқа талма аурулары бар науқастарға арналған. Ол иесінің жүрек соғысы мен қан қысымын бақылауда ұстап, адам өміріне қауіп төнген жағдайда белгі береді, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл ақылды сағатты Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы Дулат Исабек пен 8-сынып оқушысы Адия Тұрсынбай ойлап тапқан.
Сағатқа дене температурасын, қандағы оттегі пайызын, жүрек қағысын бақылап тұру функциялар енгізілген. Сондай-ақ, ол науқас құлап қозғалыссыз қалған жағдайда туысына немесе жедел жәрдемге дабыл жібереді. Ең бастысы, науқастың мекен-жайын, жатқан жерін нақты көрсетеді.
Науқастарға түрлі себептермен алғашқы көмек уақытынан кеш беріліп жататын кездер болады. Осындай жағдайлардың алдын алу және науқастарға көмектессек деген оймен алғашқы көмектің жедел келуін қамтамасыз ететін сағатты жасап шығардық,
дейді жас өнертапқыш Дулат Исабек.
Оқушылардың өнертабысын сынап көру үшін кардиолог пен пациенттердің портативті аппаратпен динамикалық бақылауы жүргізілді. Дулат пен Адия алдағы уақытта сағатты адамдардың үнемі тағып жүруіне ыңғайлы етіп жасау жолдарын қарастыруда.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…