Categories: Экономика

Жапония Ресейге көлік жеткізбейтін болды

Шектеу 9 тамызда күшіне енеді.

Жапония Еуроодақтың Ресейге қарсы санкциясының автомобиль экспортына қатысты бөлігіне қосылады. Елдің Экономика министрі Ясутоси Нисимура Ресейге көлік жеткізуге тыйым салынғанын хабарлады.

Министрдің айтуынша Жапония Ресейге қозғалтқыш көлемі 1.9 литрден асатын машиналар мен гибрид көліктер жеткізбейді. Сондай-ақ жүк көлігіне арналған шина экспортына тыйым салады, деп жазады kolesa.kz.

Ескі көлік жеткізуге тыйым салына ма, жоқ па, белгісіз. Нисимураның айтуынша санкция 2 тамызда ресми жарияланып, бір аптадан кейін күшіне енеді.

Санкция аясында Жапония 800 түрлі тауар мен технология экспортына тыйым салған. Олардың арасында премиум автомобиль, люкс алкоголь, микроэлектроника мен оны өндіруге арналған жабдық және 3D принтер мен ойыншықтар бар.

Әлемдегі ірі автоөндірушілер Ресейден кеткен соң 2023 жылдың алғашқы жартысында Ресейге Жапониядан жеткен автомобиль саны үш есе артқан. Токионың Мәскеуге экспорттайтын жалпы өнімінің 60 %-ы көліктер екен.

Еуроодақ санкцияның 11-пакетін маусымның аяғында қабылдады. Енді Ресейге ЕО-дан қозғалтқыш көлемі 1.9 литрден асатын машиналар (ескісі де, жаңасы да) мен гибрид және электромобильдер жеткізілмейді.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago