Categories: Экономика

Жаппай несие беруді тоқтату керек — экономист

18 маусымда Kaspi Bank бөлімшесіне жасалған шабуыл елді дүр сілкіндірді. Бұл жағдайдан кейін қаржы сарапшылары елде несие мәселесін көтеріп, пайыздық мөлшерлемені төмендетуді ұсынған. Қаржыгерлердің сөзінше, сыйақы мөлшерлемесінің жоғары болуы халықтың өмір сүру деңгейіне кері әсер етеді. Бүгінгі таңда Қазақстанда несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 56% шегінде.

Бізде инфляция өте жоғары, 2022 жылы 20% болды. 2023 жылдың маусымында да жоғары болып отыр. Бұл – теңгенің шынайы бағасы. Оның үстіне банктер несиеге 5-8% көлемінде табысты, сосын қайтарымсыз займ үлесін қосады. Нәтижесінде 30% шығады, кейде 40%-ға жетуі мүмкін.

Бізде экономика әлсіз, сондықтан банктер микроқаржы ұйымдарына несие беруді тоқтату керек.

Қазір азаматтар несиені табыс көзін растамай-ақ алады. Мұның барлығы шынайы кедейлік деңгейін көрсетпей тастайды. Биліктегілер рәсімделген ипотека мен несиеге алынған тауар санын көріп, халықтың жағдайы жақсы екен деп ойлайды. Негізінде азаматтар несие алмаса, жалақысы ештеңеге жетпейді, табыс деңгейі төмен. Тапқан-таянғаны ипотеканы төлеуге кетеді, ал балаларды мектепке дайындау үшін тағы несие алады. Осылайша несие спиралі туындайды. Бұл тек банктердің емес, үлкен экономикалық мәселе болып отыр.

Экономист Расул Рысмамбетовтің сөзінше, егер елде жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 40%-ға дейін төмендесе, банктердің табысы артады әрі халыққа да тиімді болады.

Азаматтардың кірісі несие алуға жетпей қалса, олар көлеңкелі несие, онлайн қарыз алу нарығын жағалайды. Тиімді сыйақы мөлшерлемесін бірте-бірте төмендете берсек, халықтың шын мәнінде қандай деңгейге өмір сүріп жатқанын көреміз. Азаматтардың табысы нақты не нәрсеге жететіні белгілі болады.

Қазір теңгенің тұрақталығына ешкім сенбейді. Өйткені мемлекет ұлттық валютамызды алтын қорының арқасында ұстап тұр. Ал алтын қоры белгілі деңгейде мұнай бағасына бағынышты.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге лобби топтар жол бермей отыр.

Егер пайыздық мөлшерлемені төмендетсе, банктер қосымша табысынан айырылып қалады. Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды да қабылдатпай келген осы лобби топтар еді. Олар несиеден қыруар табыс көріп отырды.  

Еліміздің дамушы мемлекет болуы және инфляция деңгейінен бөлек несие мөлшерлемесінің жоғары болуының тағы бір себебі бар екен.

Банктер инфляцияның үстінен табыс көргісі келеді. Осы себепті бізде бизнеске арналған ұзақ мерзімді несие жоқ. Егер үкімет нақты схема дайындап, тауар өндірісін жолға қойса, инфляция деңгейі түсер еді. Сонымен қатар бұрын несие алып, оны қайтармай отырған азаматтардың жиынтығы да несие пайызына әсер етеді.

Қазақстанда әр үш адамға несие берсе, оның біреуі қайтармайды екен.

Сондықтан банк қарызын уақыты төлеп жүрген адамның мойнына үшінші адамның қарызын пайыздық мөлшерлеме арқылы ілгісі келеді. Бізде несиесін қайтармайтын адамдар өз әрекеті арқылы пайыздық мөлшерлеменің артуына себепкер болатынын білмейді.

Экономист Қазақстанда жылдық тиімді пайыздық мөлшерлемені 30%-ға дейін түсірсе де, банктер банкрот болмай жұмыс істей алатынын мәлімдеді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago