Фото: Polisia.kz
Панфилов аудандық полиция бөліміне 60 жастағы ер адам үйін өртеп жіберген белгісіз біреуге шара қолдануға қатысты арыз жазған. Жәбірленуші 25 миллион теңгеге шығындалғанын айтқан. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Полиция қызметкерлері қасақана өрт қойды деген күдікпен 24 жастағы жігітті ұстаған.
Күдіктінің осы үйде тұратын қызбен таныс екені белгілі болды. Қыз оның қоңырауларына жауап бермеген, бұл оның ашуы мен қызғанышын тудырған. Артынша ол үйге жасырын кіріп, оны ішінен өртеп жіберген. Өрт ауыздықталып, көрші үйлер мен тұрғын үйлерге таралуына тосқауыл қойылды,
деп хабарлады полиция.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі «Қасақана өртеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…