Categories: Білім

«Жарнамамен күн көріп отырмыз»: Kundelik.kz платформасы да көмекке мұқтаж

Интернетте ең көп қаралатын сайттардың қатарын Kundelik.kz бастап тұрғаны жайлы бұған дейін бірнеше рет айтылды. Күн сайын ата-ана, оқушы мен мұғалімнің сағаттап отыратын платформасы жарнама берушілердің де назарына ілінсе керек. Қазір тауарын өткізуге асыққан кәсіпкерлердің барлығы рейтингте көш бастап тұрған сайтқа жарнама береді.

6500 мектеп пен 7 миллион­ға жуық қолданушысы бар платформа жұмысына айтылар сын көп. Бірақ компания «жарнамамен күн көріп отырмыз» деп өзін-өзі ақтап алып отыр.

Тоқсан соңында сайт істемей қалады

Әлем электронды күнделікті 1975 жылдан бастап қолданса да, біздің елге бұл жүйенің келгеніне 7 жыл болды. Кем-кетігі де баршылық. Әсіресе, ұстаздар қауымы электронды күнделіктің тиімсіз екенін айтып, шағымданудан шаршаған емес. Айталық, біраз мектепте сынып жетекшілері ата-аналарға Kundelik.kz-ке тұрақты түрде кіріп отыруды тапсырады екен. Себебі әрбір оқушының ата-анасының кіргені электронды күнделікте көрсетіліп тұрады. Ал педагогтердің айтуынша, олар өз сыныбынан қанша адамның қанша рет сайтқа кіргені жөнінен есеп тапсыруға мәжбүрленген. Компанияның талабы сондай болса керек. Бірнеше жыл бұрын zero.kz интернет-статистика сервисіндегі рейтингте Kundelik.kz үнемі №1-да тұратын. Осының арқасында рейтинг басындағылардың жарнамалық табысы да жақсы жүреді.

Автоматтандыру жағын реттеу керек

Жалпы электронды күнделіктің маусымдық өнім екені жасырын емес, себебі оқушылармен тікелей байланысты болғандықтан, шәкірттер де, ата-аналар да каникул кезінде онлайн күнделіктің бетін ашпайтыны мәлім. Алайда еліміздегі жүздеген мың педагог күн сайын кірген соң Kundelik.kz жаз кезінде де рейтингте алғашқы ондыққа кіреді. Электронды күнделікті пайдаланатындардың 51 пайызы мектеп оқушылары, 13 пайызы мұғалімдер болса, 36 пайызы ата-аналар.

Жақында ата-аналар мен мұғалімдер үй тапсырмасы және бағалардан бөлек, платформада басқа да көптеген жарнамалардың жиі кездесетінін айтып дабыл қақты. Оқу процесіне қатысушыларға тамақ пен әшекей, кино мен киімдердің жарнамасы қажет пе деген сұрақ туындайды. Тіпті электронды күнделікте «түнгі шайқасқа» арналған жұмсақ матрасты жарнамалайтындарды кезіктіре аласыз.

Kundelik – жекеменшік компания. Мемлекет тарапынан ақша төленбейді. Жарнама арқылы күнін көріп отыр. Казнетте рейтинг жағынан алдыңғы орында. Қолданушылары өте көп. Бұл платформа Ресейдегі «Дневниктің» баламасы, бірақ ішкі функциялары біздің Оқу ағарту министрлігінің бұйрықтарына қарай көп өзгерген.

Электронды күнделіктің бетіндегі жарнамадан көз сүрінеді. «Жарнама салмаңдар» деп платформаға тағы айта алмайсың. Өйткені, олар Үкіметтен ақша алып отырған жоқ. Жарнамадан түскен қаржымен күн көріп отыр. Қызметкерлерінің айлықтарын да сол табыспен төлеп отыр. Біз «Неге жарнама көп?» деп шағымданғанда осындай дәлелдер айтқан. Күнделіктің жұмысы әлі бір жүйеге келтірілмеген. Автоматтандыру жағын реттеу керек,

дейді Мейіржан Темірбек.

Оның пікірінше, электронды журнал, күнделік, цифрландыруды жүзеге асырып жатыр демесең бұл жүйенің өзгертетін тұстары көп. Ұстаздар бір сабақты толтыру үшін үш-төрт бет ашып, әлекке түседі. Одан кейін сайт мыңдаған мұғалімнің кіргенін көтермей, істемей қалады. Соңында рейтинг дұрыс болмағаны үшін тағы да мұғалім сөз естиді. Иә, былтыр жазда Kundelik.kz электрондық журналын 1 күн толтырмағаны үшін мектеп директоры Алматы облысының Талғар ауданындағы математика пәнінің мұғалімін жұмыстан шығарып жіберген.

Осылайша, электронды күнделік жарнама жариялаудан алдына жан салмаса да, жүйенің қателігінен қаншама мұғалімнің обалына қалып отыр. Ал компанияның жарнамадан қанша табыс табатыны белгісіз.

Жарнама беру үшін бізге уақыттың аралығы мен қай қалаларға жарнама жасайтыныңызды айтсаңыз жеткілікті. Бізде банерлік, мақала және мұғалімдерге арналған арнайы бөлім сияқты жарнама түрлері бар. Жарнаманың бағасы белгіленген уақытқа және аймаққа тікелей байланысты. Сондай-ақ, білімге қатысты жарнамаларға жеңілдік қарастырылған. Егер сіз Астана қаласы бойынша екі айға сайтқа жарнама орналастырсаңыз бағасы 650 мың теңге тұрады. Мақсатты аудиторияда балалар жоқ болса, ата-аналар мен мұғалімдерге арналған жарнамаларды да бере аласыз. Жарнама белгілі бір талаптарға сай келуі керек. Көбінесе дұрыс тамақтану, оқу ағартуға, тұрмыстық қолданысқа арналған жарнамалар шығады. Осынша жарнама аламыз деген шектеу жоқ. Трафик көп болғандықтан ала береміз. Жарнамалар асып қалатын болса біз оны Яндекске сатып жібереміз. Оқу ағарту министрлігі сайтты қадағалап, бақылаудан өткізіп отырады,

дейді kundelik.kz сайтының менеджері.

Компания ешқашан мемлекеттік субсидия алмаған. Оқу ағарту министрлігі де бұл жобаны қаржыландырмаған екен. Сондықтан пайдаланушылар көретін жарнама – бұл жұмысшылардың еңбегін, жалдау ақысын және салықтарды төлеудің жалғыз тәсілі. Сондай-ақ, осы табыстан электронды порталды дамытуға инвестиция да салынады екен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

18 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago