Жарты миллионнан астам қазақстандық көмекке зәру

1 тамыздағы жағдай бойынша 538,9 мың қазақстандық атаулы әлеуметтік көмек алды. Бұл көмек жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен азаматтарға тағайындалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 тамызда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, 102,7 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. Биылғы жылы тиісті мақсатқа бюджеттен 65 миллиард теңге бөлінді.

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап кепілдендірілген әлеуметтік пакет бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде (2023 ж. – 5175) қоса алғанда, қосымша төлем түрінде табиғи нысаннан ақшалай көмек форматына көшірілді. 2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша АӘК алушылардың арасынан 166,5 мың мектеп жасына дейінгі балаға қосымша төлем тағайындалды,

деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға өтінішті мансап орталығы арқылы, Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы беруге, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне хабарласуға болады.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago