Жартылай финал: Аргентина мен Хорватияның қайсысы мықты?

Бүгін Қатардағы әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалы өтеді.

Лионель Мессидің спорттық карьерасында екінші рет әлем чемпионатының финалында ойнауына мүмкіндігі бар. Хорватия да 4,5 жылдың ішінде мундиалдың жартылай финалында ойнағалы тұр. Екеуі 2018 жылы Ресейдегі біріншілікте кездескен. Ол кезде бір топта ойнаған. Хорватия 3;0 есебімен ойсырата жеңген. Енді Аргентинаға бір оқпен екі қоянды атуға болады. Яғни сол кеткен есені қайтарып әрі финалға жолдама алу.

Бірақ Хорватия оған келісе қояр ма? Алаң ортасында 37 жаста болса да Модрич секілді ойлы ойыншысы ойқастап жүр. Қақпада Доминик Ливакович сенімді. Оның мықтылығын Жапония мен Бразилия футболшылары айта жатар.

Аргентина мен Хорватияның өзара кездесулері:

21.06.18. Аргентина — Хорватия 0:3 (ӘЧ-2018)

12.11.14. Аргентина — Хорватия 2:1 (Жолдастық матч)

01.03.06. Аргентина — Хорватия 2:3 ((Жолдастық матч)

26.06.98. Аргентина — Хорватия 1:0 (ӘЧ-2006)

04.06.94. Хорватия — Аргентина 0:0 (Жолдастық матч).

Ойын Астана уақытымен түнгі 01:00-де басталады.

Бұл ретте Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони  жартылай финалда Хорватия құрамасына қарсы ойынға пікірін білдірді.

Бізді қиын матч күтіп тұр. Бұл лайықты команда, олар команда ретінде ойнайды және олармен ойнау қиын болады,

деді берген сұқбатында.

Еске салайық, әлем чемпионаты 1/2 финалының Аргентина — Хорватия ойыны бүгін, 13 желтоқсанда Лусаил қаласындағы «Лусаил Айконик» стадионында өтеді. Кездесу Астана уақытымен 01:00-де басталады. Екінші жартылай финалдық ойында Франция мен Марокко құрамалары кездеседі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago