Categories: Руханият

Жас актерлер жемқорлыққа қарсы қойылым қойды

Елімізде жемқорлық мәселесі әлі де өршіп тұр.

Бас прокуратураның мәліметінше, жылдың алғашқы бөлігінде елімізде 1300 жемқорлық фактісі анықталып, оның 850-і пара алу жайында болған.

Қазіргі таңда елімізде жемқорлықпен күрес қарқынды түрде жүргізілуде.

Халықаралық ұйымдардың айтуынша, Қазақстандағы жемқорлықты түбегейлі жою үшін нақты реформалар керек. Бұл туралы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Өткен жылы «Сыбайлас жемқорлық – ауру, оған қарсы күрес – біздің парызымыз» деген еді.

«Біздің балалар театры президенттің жемқорлықпен күрес жайындағы бастамасын қолдайды. Биыл біз «Ревизор» пьесасын қойдық. Осы драматургия арқылы өз ұстанымымызды білдіреміз. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің қоғамның ауруы – жемқорлық» деп дәл айтты», — дейді «Игра» мектеп-театрының көркемдік жетекшісі Рауф Хабибуллин.

Қазіргі таңда жемқорлықпен күрес қарқынды жүріп жатқаны соншалық, жоғары қызметтегі шенеуніктер де аяусыз түрмеге тоғытылуда. Бұл жаңалықты ересектер ғана емес, балалар да теледидар арқылы естиді. Аталған жаңалық олардың дүниетанымына әсер етеді.

«Бұл ересектердің әңгімесі болса да, балалар үшін де маңызды. Олар болашақтарын ойлайды, өзекті мәселелерді талқылап, өз ойларын айтады. Балалар қандай әлемде өмір сүретіндерін түсінеді, бәрі сатылатын жемқор заманда өмір сүргілері келмейді», — дейді «Игра» мектеп-театрының режиссері Азамат Әбділдинов.

Азаматтың сөзінше, «Ревизор» пьесасы сөздік қорына байланысты таңдалған. XIX ғасырдың тілі заманауи тілге қарағанда бай. Сондықтан да режиссер қойылымға дайындық барысында балаларға сөздердің мағынасын түсіндірген.

«Мен XIX ғасырдың тілін XXI ғасырдың тіліне лайықтадым. Мәтінді балалармен бірге өзгертіп жазып шықтық. Бұл декорациядан басталып, мәтінмен аяқталатын Гогольдің классикалық қойылымы емес», — дейді Азамат.

Ревизор – мектеп-театрдың алғашқы қойылымы емес. Студияның ашылғанына жеті жыл болды. Осы уақыт аралығында 100 қойылым сәтті қойылды. Бұл жақта 5-17 жас аралығындағы балалар оқиды. Қойылым балалардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдалады.

Мектеп-театр труппасында 40 адам бар. Әр топта 12-13 адамнан жұмыс істейді. Бұл балалар кем дегенде бір жыл оқиды. Кейін кастингке келіп, содан кейін барып кәсіби труппаға қабылданады.

«Мен 9 жастан үлкен балалармен жұмыс істеймін. Әр баланың жасына сай өз ерекшеліктері болады. Бәріне тән қиындық туралы айтар болсам, ол – сенімсіздік. Біздің білім беру жүйесі солай құрылған ба, білмедім, әйтеуір өзіне сенімсіз балалар көп. Бойында дарыны бар, сахнаны сүйетін балалардың өзі қатты қобалжып, ұялады», — дейді Азамат.

Қала басшысының рөлін ойнаған Ален Есенов сенімсіздіктен құтылған. Оның сөзінше, жемқор адамның рөлін сомдап шығу оңай болмаған. Жасөспірім үшін ересек адамның рөлін ойнау қиынға соққан. Образды табу үшін оған Леонид Гайдайдың фильмінде қала басшысын ойнаған Анатолий Папанов көмектескен.

«Жасым 14-те. Сондықтан да 50 жастағы ер адамды сомдап шығу қиын болды. Өз кейіпкерім туралы көп ойландым, көп жұмыс істедім. «Инкогнито из Петербурга» фильмінің көмегі күшті болды, сол жерден қала басшысының бейнесі мен дауыс ырғағын алдым», — дейді Ален Есенов.

Ален өмірде жемқорлықпен бетпе-бет келмеген. «Жемқорлыққа жол жоқ» деген ұстанымы бар Аленді Хлестаков рөлін сомдаған Яна Ермашова да құптайды.

«Көптеген фильм мен қойылымды қарап шықты. Хлестаковтар қандай қимыл жасайтынын есіме сақтадым. Басында бәрін есте сақтау қиынға соқты, алайда қойылымды қойған соң бәрі оңайланды», — дейді Яна Ермашова.

«Ревизор» пьесасы арқылы мектеп-театр маусымды жапса да, жаңа маусымда бұл қойылым жалғасады.

Көркемдік жетекшілердің жоспары бойынша, қойылым халықаралық байқауларға қатысуы тиіс. Өйткені жемқорлық тақырыбы Қазақстанда ғана емес, басқа да елдерде өзекті.

Мейіргүл Оңғарова

Арман Ерғалиев

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago