Фото: Ulysmedia.kz
Сұмдық жағдай туралы шілде айында белгілі болды. Оқиға Астанадағы клиникалардың бірінде болған. Медицина университетінің студенті онсыз да тағдырынан теперіш көріп айықпас дертпен күресіп жатқан науқастарға көрсетпегенді көрсеткен, ұрып-соққан. Тіпті, мүгедектерді өз нәжістерін жеуге мәжбүрлеген. Айуандық әрекетін оңалту орталығында балалармен жұмыс істегенде де жалғастырған. Ол өзінің барлық әрекеттерін камераға түсіріп, достарына жіберген. Достары оның ісін қолдап-қолпаштап, видеосын әлеуметтік желіге таратқан.
Жәбірленушілердің туыстары құзырлы органдарға жүгінгеннен кейін қылмыстық іс қозғалып, қатыгез студенттің ісі сотқа жетті. Талапкерлер – қайтыс болған қарттардың туыстары және аутизм дертімен ауыратын баланың анасы.
Сот студентті Қылмыстық кодекстің 110 бабы бойынша кінәлі деп таныды.
Болашақ дәрігерге орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ, сотталушы жәбірленушілерге 4 млн теңге көлемінде моральдық залал төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Айыпталушы медициналық мекемеде жұмыс істеп, жәбірленушінің ауруы туралы біле тұра, оны тепкіледі. Содан кейін дөрекі түрде төсегіне баруды талап етті. Сондай-ақ, басынан бірнеше рет ұрды. Тістері жоқтығына қарамастан науқасқа қатты нан жеуге мәжбүрледі,
деді судья.
Сотталушы аутизммен ауыратын баланы да азаптаған. Баланы азапқа салып, отырып-тұруға мәжбүрлеп, қолынан тартқан. Баланың спорттық шалбары арқылы сұқ саусағын оның жыныстық мүшесіне сұққан.
Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты.
Бұл жұмыс менің алғашқы медициналық тәжірибем болды. Мұндай жұмысты қабылдау маған өте қиын болды, оқу мен жұмысты қатар алып жүргенім жетіскендіктен емес. Пәтер жалдау, тамақ пен киім-кешек алу үшін бос уақытымда жұмыс істеуіме тура келді. Мен 1946 жылы туған әжемнің асырауында болдым және әлі де соның қамқорлығындамын.
Үнемі ұйқым қанбайтын, сабаққа дайындалуға кейде уақытым да болмайтын. Орталықтағы жағдайды көрдіңіздер – көңілсіздік, науқастар жиі өліп жатады, жағдайы ауыр науқастарға күтім жасау керек. Бірақ соған қарамастан орталық қызметкерлері өз жұмыстарын атқарып, жүктелген міндеттерді орындады.
Қызметкерлерге шабуыл жасау және орталықтан қашу деректері жиі болды, олар үшін біз толығымен жауапты болдық. Бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін мен, өкінішке қарай, пациенттеріме деген жанашырлық сезімін жоғалта бастадым. Бірақ тапсырманы орындау міндеті тұрды. Мен моральдық, психологиялық тұрғыдан шаршай бастадым, жұмыстан қажыдым және эмоцияларға жол бердім. Мен бұған қатты өкінемін, іс-әрекетімді ештеңе ақтай алмайды. Бұл жастық ақымақтықпен болды, мен өз әрекеттерім үшін жауап берген жоқпын. Мен оларға ауыр физикалық зиян келтіруді ешқашан мақсат еткен емеспін, тек қорқытқым келді,
деді сотталушы.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…