Жас келіндер мәһр сұраймын деп, күйеусіз қалып жатыр

Неке қиғанда сұралатын сыйлыққа келгенде қанағатты ұмытқан бұрымдылар жарының ызасына тиіп, төркінінің сынына ілінуде. Имам алдында құны бір бөлмелі пәтермен тең дүние сұраудан сескенбейтін қыздар осылайша көпке мақтануды, не өз жағдайын жасап алуды көздейтінге ұқсайды.

Мәһр — жігіттің қалыңдықтың өзіне ғана арнап беретін сыйлығы. Яғни, мәһр – некелесу барысында немесе  қалыңдыққа кейін берілетін дүние-мүлік немесе ақша. Мәһрді қыз бала жеке өзі пайдаланады.  Сый болғандықтан қалың мал мен мәһрдің мөлшері белгіленбеген. Бірақ, қазіргі таңда пендешілікке салынып, сыйлықтың қандайда бір мөлшерге ие деп жататындар да жоқ емес. Осыны пайдаланып кетіп жатқан бойжеткендер кейбіреулері үй немесе су жаңа қымбат көлік сұрауда. Адал жардан бұрын, қымбат дүниені сұраған қызға ренжіп, намыстанған жігіт некесін қимай, тастап кетіп жатқандар да кездесіп жатыр.

«Дүниені армандаған қызды жар қылмаймын» деп, неке қиылмай жатыр, дейді имам.

Ал жасы үлкендер мәһрсіз де некелерін қиып, бақытты ғұмыр кешіп жүргендерін алға тартты. Жастардың осылай еліктегіш әрі дүнигеге беріліп кеткендігіне ашулы да. Үлкен жастағы ата-әжелеріміз қазақ қыздарына кеңес беруден тыс қалмады.

Бірінші жылдары қиындықты бірге көріп, байлыққа бірге жетуді ойлаңдар

Мешіттерде неке қию барысында мәһрге нақты шек қойылмағандықтан, көпшілік ортада түсініспеушілік орын алуда. Көбіне қыздардың ата-аналары немесе өздері мөлшерден артық талап қоятыны бар. Мәһр беру мәселесінде ер азаматтың өзі немесе ата-анасы емес, қалыңдық жақ талап қойып жүр. Бұл ретте ер азаматтың материалдық деңгейіне қарап, отбасының әлеуметтік деңгейін байқап қана мәһр мәселесін ойланған абзал болмақ.

Шындығында, мәһр заң бойынша да, шариғат бойынша да тоқтатылатын амал емес. Имамдардың айтуынша, мәһр беру ерлерге әрбір некелесуде міндеттелген. Қымбат көлік, құндыз тон һәм гауһар жүзікті аңсаған арулар таңдаған азаматының жағдайына алаңдамайтын кездің жеткені мәһрге қымбат көлік сұраған қалыңдықты жігіті дәл мұсылмандық неке қию рәсімінде тастап кеткен оқиға арқылы көрініс тапқан еді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago