Фото: astanatv.kz
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ұлықбек Есдәулет еліміздің болашағы үшін жастардың қандай болуы керектігін айтты, деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азамат, әсіресе, жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Әркім отаншыл, білімпаз, еңбекқор, тәртіпті, адал, әділ, үнемшіл әрі жанашыр болса, алынбайтын асу жоқ, деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында.
Мемлекет басшысы бұған Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында да тоқталған болатын. Зиялы қауым өкілі Президенттің айтқанын толықтай қолдайды.
Абайдың “Толық адам” ілімін мына біздің моральдық кодексімізге, ұлттық идеологиямызға айналу керектігі бұрыннан да өзінің сөздерінде айтылып жүрген. Бұл жолы да соны нақтылап отыр.
Өзінің жеке басын ойлаған адам Отанын ойламайтын күйге жетіп жатырмыз. Сондықтан Отаншылдық сезімді дамыту керек, адалдықты, әділдікті, адамгершілікті, мейірімділікті біздің ұрпақтың бойына еге білуіміз керек,
дейді ақын.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…