Фото: pixabay.com
15 мамырдан бастап Алматыда тұрғын үй бағдарламасы бойынша несиеге өтініштер қабылданады екен. Оған 35 жасқа дейінгі Алматы жастары қатыса алады. Әрине, баспанасыз жүрген жастардың қуанышы қойнына сыймай, сол сайтқа кіретіні анық.
Енді, almaty-zhastary.kz сайтына кірсеңіз, бірден көңіліңіз қалуы мүмкін. Неге?
Жақсы, бұндай бағдарламаның болғаны дұрыс-ақ. Мемлекет жастарға жағдай жасағысы келеді. Ол түсінікті. Неліктен барлығы соншама қиындатылған?
Мысалы, 10-ға жуық мамандық иелері қатысуға өтініш бере алады. Оның ішінде, білім, медицина, мәдениет, спорт салалары, ЖОО қызметкерлері мен журналистер, құқық қорғау органдары, әлеуметтік сала мен қалалық коммуналдық қызметкерлері. Ол үшін тиісті құжаттарыңды жинайсың. Қанша жыл жұмыс өтілің барын, еңбек кітапшасына қаламмен жазылған нұсқасын көрсетесің. Кемінде 6 ай осы қызметте болуың керек. Зейнетақы түсімінің де болуы шарт.
Отбасылы болсаң, неке қию куәлігі мен балаларыңның құжаттарын тапсырасың.
Одан бөлек, отбасыңның ешбір мүшесінде пәтер болмауы керек. Ол қалай? Мысалы, ата-анаң немесе бауырларың да көшіп-қонып жүруі керек екен. Құжаттар тапсырылған соң, комиссия мүшелері тексерістен өткізеді:
Құжаттар жиналды, барлық критерийлерден өттіңіз, келесі қадам «Отбасы банк». Көпшіліктің айтуынша, бұл қиын процедура. Көбісі дәл осы банкке келгенде жолы болмай қалады. Ол да сандалтып қояды, шарттары оңай емес қой.
Бағдарлама шарттарына келсек, бастапқы жарна – 10 пайыз, мөлшерлеме – 5 пайыз, несие сомасы былтырғыдай 18 млн теңгеге дейін.
Сайттағы авторизация электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы өтеді.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша бағдарлама аясында жас мұғалімдер мен дәрігерлерге қосымша қаражат бөлініп, лимит тағы 100 несиеге ұлғайтылды: мұғалімдерге — 50, дәрігерлерге – 50.
Бұған дейін «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша 1100 пәтер берілген екен.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…