Categories: Галерея

Жасы кіші жігітке тию: танымал ханымдар жаңа тренд бастады

Осыдан он шақты жыл бұрын әнші Мәдина Сәдуақасова өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шығатыны туралы жаңалық Қазнетті біраз шулатқан еді. Жұптар арасындағы үлкен жас айырмашылық сол кездері қазақ қоғамында сирек кездесетін құбылыс болғандықтан, жұрт мұндай жаңалықтарға үрке қарайтын. Алайда одан бері көзқарастар өзгерді. Қазірде шоу-бизнестегі екі жұптың бірінде қыз бала ер жігіттен жасы бойынша үлкен. Ал танымал әнші Ерке Есмаханның өзінен 12 жас кіші Раимге тұрмысқа шыққаны жұптар арасындағы жас айырмашылық стереотипін түбегейлі бұзғандай. Бүгін біз өздерінен жасы кіші жігітке тұрмысқа шыққан шоу-бизнес өкілдерін еске түсіріп көрдік.

Мадина Сәдуақасова

Танымал әнші Мадина Сәдуақасова жолдасы — режиссер Олжас Смағұловтан 7 жас үлкен. Жұптың Әнуар есімді ұлдары бар.

Әншінің айтуынша, болашақ жары оған 23 жасында сырттай ғашық болып, оған айта алмай жүрген. Алайда, кейін араға төрт жыл салып, ол дегеніне жеткен.

Арманына қол жеткізген жігіт Олжас Смагулов. Мадина Сәдуақасоваға «тайно» ғашық болып жүргенде жасы 23-те болған. Сыртынан қарап жүрген, бақылап, күткен. Бір сөйлесіп қалғанда «кез келген проблемаңыз болса күн-түнге қарамай хабарласа берсеңіз болады,

деген.

Мадина Сәдуақасова өзі 1-2 рет тіпті қоңырау шалады. Солай 4 жыл жүріп, дегеніне жетеді.

Өмірімді түбегейлі өзгерткен, бақытты еткен жолдасымның Әнуардың әкесінің туған күні бүгін — 35 жас! Қазіргі таңда беделі асқан, кәсіби маман, ортасында сыйлы, абыройлы жігіт, КТК арнасының режиссеры! Денің сау болсын, ең бастысы! Қалғанына сен қол жеткізетініңе еш күмән жоқ. Ал біз үнемі жаныңдамыз. Сүйдім, туған күніңмен тағы да,

деп жазған еді бірде Мадина Сәдуақасова.

Дильназ Ахмадиева

2000 жылдардың хит әншісі Дильназ Ахмадиева да өзінен 6 жас кіші жігітпен отбасын құрған. Әншінің таңдауы өзінің әріптесі Әзілхан Сейітбаевқа түскен. Жұптың бір ортақ ұлды бар.

Мен тұрмыстағы әйелмін. Фильмде ойнамас бұрын мен күйеуімнен рұқсат сұраймын. Егер рұқсат етсе, әрине, ойнаймын. Мен өмірімді көрсетіп, бұл туралы сөйлескенді ұнатпаймын, әрине, менің күйеуім бар, мен оны жасырмаймын,

деп бөліскен еді бірде Дильназ.

Луина

Луина да тағдырдың жазуымен өзінен 7 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан. Жолдасы Артем Обухов әншіге 2019 жылы тұрмысқа шығуға ұсыныс білдіріп, сол жылы үйленген. Отбасының бір баласы бар.

Тё-мен (әнші күйеуін осылай еркелетіп атайды) арамыз 7 жас, бірақ бізге бәрібір. Күнде оған қайта-қайта ғашық боламын,

деген Луина.

Камшат Жолдыбаева

Былтыр белгілі әнші, әрі актриса Камшат Жолдыбаева да жас актер Ғазрет Ержановпен кездесіп жүргенін жариялады. Әнші актерден 5 жасқа үлкен. Екі өнерпаз Instagram парақшаларында бірге түскен суреттерін жариялап, «Киноның афишасы болса, қандай атау берер едіңіздер?» деп сауал тастаған. Көпшілік жұпқа бақыт тілеп, жарасымды екендерін айтқан.

Гүлбаһрам Байбосынова

Былтыр танымал актриса өзінен 10 жас кіші жігітпен көңіл жарастырып, некесін қидырған. Гүлбаһрам Байбосынованың таңдауы жас актер Қазбек Төленге түскен. Актриса 1987 жылы Қарағанды өңірінде дүниеге келсе, оның сүйіктісі Қазбек Төлен 1997 жылы Қызылорда облысында туған. Ғашықтардың арасы тура 10 жас. Екеуі де — Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының түлектері. Олар Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында танысып, табысқан көрінеді.

Мереке Қалбаева

Қазақ КВН-ының жұлдызы Мереке Қалбаева да өзінен 6 жас кіші жігітті таңдаған. Белгілі болғандай, Арсен Акиев те әзіл-қалжыңнан кетәрі емес жігіт. Жұп жас айырмашылығын ұтқыр пайдаланып, аудиториясына осы тақырыпта түрлі вайндар ұсынады. Мереке Қалбаева күйеуін «бөпеге» теңеп, тіпті «тұңғышым 1-сыныпқа барды» деп әзілдегені де бар. Алайда елді күлдіру үшін ойластырылған бұл әзілдердің авторы шын мәнінде Арсен Акиевтің өзі екен.

Гүлнар Сильбаева

Белгілі КВН ойыншысы Гүлнар Сильбаева да өзінен 7 жас кіші биші Жанболат Төлегенге тұрмысқа шыққан. Актриса 1986 жылғы болса, таңдаған жары Жанболат Төлеген 1993 жылғы. Екеуі 2020 жылы шаңырақ көтерген, қазір ортақ ұлдарын тәрбиелеп отыр.

Жанель Мақажан

Актриса Жанель Мақажан былтыр актер Абай Асылханға тұрмысқа шыққан. Актрисаның жолдасы – өзінен 8 жас кіші. Бірақ жас айырмашылығы да, актрисаның бірінші некесінен екі баласы да қос ғашықтың бірге болуына еш кедергі болмаған.

Бұдан бөлек, Аша Матай, Жания Журинская, Мақпал Исабекова, Баян Нұрмышева сынды өнерпаздар да таңдаған жарларынан 1-3 жасқа үлкен.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

23 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago