Фото: ашық дереккөзден
Екінің бірі мемлекеттік әнұранның сөзін білмейді десек, сенесіз бе? Көшедегі бес адамның біреуі сөзін айтып бер десең, күмілжіп қалады. Алайда «патриотпыз» деп кеудесін керетіндері қалай?
«Еуразия 1» арнасының тілшісі Астана көшелерін аралап, қала тұрғындарынан әнұран айтып беруін сұрады.
Алайда, әнұранды білетін адам таппай әбігерге түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әнұран деп «көк тудың желбірегенін» әуелеткендер бар. Жастар жағы бір бөлек, үлкендер де әнұранның сөзін білмейтін боп шықты.
Жүргізушінің «Әнұранның қайырмасын айтып берші», — деген сұрағына былай жауап берді:
Мен өлең айта алмаймын. Менің ойыма «Алтын күн аспаны» еске түсіп тұр, білмеймін неге екенін,
деп жауап берді.
Ал студенттердің бірі «Көк тудың желбірегені» атты әнді әндетіп, қайырмасын айтып берді. Әнұранның авторлары тұрмақ, сөзін білмейтіндер көп екен.
Жоқ, білмеймін. Моңғолиядан келгенмін
деп жауап берді студенттердің бірі.
Жүргізуші студенттерден емес, үлкен адамдардан сұрап көруді жөн көреді. Алайда, 60-тан асқандар да әнұранның сөзін білмейтін болып шықты.
Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…
Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…
Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…
Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…
Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…