Қоғам

Жаттығу залында балаларды қазақша сөйлеуге міндеттеген бапкер Парламентке шақырылды

Жаттығу залында ана тілімізде сөйлемеген балаларды сынға алып, «қазақша сөйлеңдер» деп ұрысқан бокс бапкері желіде көпшіліктің қошеметіне бөленіп қана қоймай, Парламенттен жиі төбе көрсететін болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Қазақ ММА Boxing клубының жетекшісі Мұхит Амантаев Парламентке жиі барып жүр. Ол мәжіліс пен Сенат қабырғасындағы спорттық мәселелерді ортаға салып, талқылауға спикер ретінде шақырылып жүр.

Жаттығуға барған балаларға «ана тіліңде тілдесу керек» деп ақыл айтып жатқан үзінді әлеуметтік желіде тез тарап, әлі де қызу талқыланып жүр. Десе де, Мұхит Амантаевтың өзі бұлай ғана танымал болуды қаламапты.

Ол жуық арада Олимпиада чемпонын шығармай қоймайтынын айтты.

Қазақ тілі тек қазақ баласына керек. Менің залымның өзі «Қазақ ММА Boxing» деп аталады. Атының өзі қазақ боксы болып тұр. Мен бөтен елде жүрген жоқпын ғой. Өз елім, жерім болғаннан кейін сұраймын. Менің бокс залымда міндетті түрде қазақша сөйлеуі керек,

дейді бапкер Мұхит Амантаев.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago