«Жауапқа тарту керек»: Смайылов азық-түлік бағасын реттей алмаған шенеуніктер туралы

Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік бағасына жауапты бірқатар шенеунікті жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы Primeminister.kz хабарлады.

2020 жылғы 10 айда азық-түлік инфляциясы 20,5%-ке жеткен.

Жұмыртқа 7,6%-ке, ұн 3,9%-ке, күріш 3%-ке, сүт 2,2%-ке қымбаттаған. Сонымен қатар бір апта ішінде сәбіз (0,8%), картоп (0,6%), қант және қырыққабат (0,1%) құны төмендеген.

Биыл ауыл шаруашылығын субсидиялау екі есеге ұлғайтылды, бірақ оны алатындардың азық-түлік бағасын 20%-ға көтергенін көріп отырмыз. Мұндай жағдайға көне алмаспыз. Біз субсидия берсек, онда олар қарсы міндеттемелер қабылдауы керек. Субсидиялау жүйесі нақты жұмыс істеуге тиіс,

деді Әлихан Смайылов.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, министрліктер мен әкімдіктерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу үшін барлық қажет құрал бар. Бірақ азық-түлік әлі арзандамай отыр.

Бұл – әкімдіктердің әлсіз жұмысының және Ауыл шаруашылығы, Сауда және интеграция министрліктері тарапынан үйлестірудің жеткіліксіздігінің нәтижесі,

деді Әлихан Смайылов.

Сол себепті үкімет басшысы Сауда және интеграция министрлігіне осы бағытқа жауапты лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тартуға ұсыныс енгізуді, Сауда комитетінің төрағасын қызметінен босатуды тапсырды.

Сөз соңында ол қияр, қызанақ және жұмыртқа сияқты тауарлардың бағасы жиі өсетінін, сондықтан оған қатысты нақты шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті.

Негізгі жеткізушілердің кім екенін, бағаның неге өсіп жатқанын анықтау керек. Олар өз маржаларын бағаны көтерудің есебінен алса, онда нарықтық ортада жұмыс істесін, ал біз субсидияларды басқа бағыттарға жұмсаймыз. Бұл ретте өңірлерде рұқсат етілген сауда үстемесіне және арнайы комиссиялардың жұмысына мониторингті жүйелі жолға қою қажет. Әріптестер, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейтуді сұраймын. Құралдардың бәрі бар,

деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

4 часа ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 день ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago