Categories: Білім

Жазғы демалыста қандай оқушыларға лагерьге тегін жолдама беріледі?

Биыл соңғы қоңырау шарасы 1 маусымда болады. Одан кейін түлектер ҰБТ, оқушылар емтихан тапсырады. Жазғы демалыста кейбір санаттағы оқушыларға лагерьлерге тегін жолдама беру мүмкіндігі қарастырылған, деп хабарлайды Massaget.kz.

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балаларға;
  • жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
  • төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
  • білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне тегін жолдамалар беру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұл көмекті ұсыну мемлекеттік қызмет болып табылатындықтан, жолдама алу үшін білім ұйымына өтініш беру керек.

Оқушылардың баратын лагерьлер тізімін жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік сатып алу байқаулары негізінде анықтайды. Егер оқушы жоғарыдағы атап өткен санатқа жататын болса, тегін жолдама алуға құқылы. Қосымша қандай да бір, басқа өлшем шарттар қарастырылмаған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

21 час ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

4 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

4 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

4 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

4 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

5 дней ago