Қазақстандықтардың сүйікті сериалына айналып үлгерген «5:32» әдеттегі плагиат болып шығуы мүмкін. Жазушы Асқар Жалдинов «Salem Social Media» ЖШС мен жобаға қатысы барларды айыптады.
Асқар Жалдинов «Хаттамадан тыс. Қазақстандағы ауыр қылмыстардың құпиясы» туындысын 2020 жылы жариялаған. Ал кейін 2021 жылы «5:32» сериалында оның кітабынан алынған оқиғалар суреттелгенін аңғарған. Сонымен қатар, оқиғаларды автордың келісімінсіз алған. Жалдинов Salem Social Media, режиссер Алишер Утев пен сценаристерді плагиат жасады деп былтыр да айыптаған. Алайда даукес адам болмас үшін сотқа жүгінбеген болатын. Алайда, биылғы жылы Асқар Жалдинов аталған тұлғалар тарапынан жағымсыз іс-әрекеттерге байланысты соттасуға шешім қабылдады:
Мен өткен жылы сотқа бергім келмеді. Даукес болғым келмеді, тексеріп жүргім келмеді, бірақ биыл Salem Social Media компаниясы мен оның құрылтайшысы, Еуразиялық өнеркәсіптік топ – ERG тарапынан жекелеген іс-қимылдар болды. Бұл маған осы шешім қабылдауға түрткі болды және спорттық қызығушылығымды тудырды
деп жазды Жалдинов.
Кітап авторы өзінің абыройын қорғауға және плагиат үшін сериал жасаушыларды жазалауға ниетті екенін айтты:
Енді мен сотта сөзімнің рас екенін дәлелдегім келеді және сериал авторларының осындай ұятсыз әрекеті үшін жазалағым келеді. Сот ісі жақында болады,
дейді ашулы Жалдинов.
Salem social media жауабы көп күттіртпеді. Танымал «5:32» сериалын түсірушілер плагиат бойынша жанжалға қатысты БАҚ өкілдеріне ресми жауап берді. Олардың айтуынша, Жалдиновтың өзі екінші кітабының жарнамасына сериалдың фрагменттерін қолданған.
Істің соңы немен аяқталатынын уақыт көрсетер. Ал әзірше «5:32» сериалы Youtube арнасында ең көп көрілген қазақстандық сериалдар қатарында. Оның бірінші сериясын 10 миллионнан астам адам көрген.
Сериалдың қоюшы режиссері, продюсері – Әлішер Утев, Сценарий авторлары — Әлішер Утев, Сергей Литвченко, Әсел Қадырсейт. Басты рөлдерде — Әбілмансұр Серіков, Марат Әміраев, Сағызбай Қарабалин, Қобыланды Болат, Жалғас Жанғазин, Таңшолпан Қанжембетова және т.б.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…