Оқиға

Жазықсыз сотталған ақтөбелік 70 млн теңге өндіріп алды

Қылмыстық кодекстің «жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабымен сотталып, кейін ақталып шыққан ақтөбелік моральдық, мүліктік және өкіл көмегін өндіріп алды.

Мемлекеттен оған 70 млн теңгеге жуық ақша берілуге тиіс.

Оқиға 2021 жылдың наурыз айында болған.

Ақтөбелік пен оның азаматтық некедегі күйеуіне Қылмыстық кодекстің «жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша айып тағылып, сотталды.

Кейін екі сотталушы да ақталып, моральдық және мүліктік зазалды өндіруге арыз түсірді.

Ақтөбе облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Ақтөбе қалалық сотының моральдық және мүліктік зиянды өндіру туралы шешімін өзгертті.

— М. заңсыз қудаланып, қамауда бір жылдан астам уақыт болғандықтан моральдық азап кешкенін негізге ала отырып, 30 000 000 теңге моральдық зиян және 59 844 344 теңге мүліктік зиян өндіруді сұрады. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап ішінара қанағаттандырылып, 7 млн теңге моральдық, 43 015 417 теңге мүліктік зиян және 4 000 000 теңге өкіл көмегіне жұмсалған шығын өндірілді. Сот алқасы талап қоюшының зиянын есептеу кезінде инфляция коэффициентін қолдану қажет деген тұжырыммен келісті. Сонымен қатар, мүліктік зиян есебіне адвокаттың жол жүру және тұру шығындары есептелді. Осылайша сот алқасының шешімімен өндіруге жататын мүліктік зиян мөлшері 54 186 557 теңгеге, ал өкіл көмегінің есебі 5 430 000 теңгеге дейін көбейтілді. Шешімнің қалған бөлігі өзгеріссіз қалды. Апелляциялық қаулы заңды күшіне енді,

деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.
Арман Ерғалиев

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago