Оқиға

Жекеменшік балабақша ішінде наубайхана мен хостел жұмыс істеп келген

Жекеменшік болса осы, заңға бағынбайды.

Ақмола облысының Степногор қаласында жекеменшік балабақша ішінде шағын наубайхана, тұшпара және хостел жұмыс істеп келгені анықталды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысы прокуратурасының мәліметінше, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды талдау кезінде Степногор қаласындағы «Райхан-Ана» балабақшасы ғимаратында «Мясницкие» шағын тұшпара цехының, шағын наубайхананың және хостелдің жұмыс істейтіні белгілі болған.

Аталған факт балабақшаға баратын балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Өйткені, тұшпара цехы мен наубайхана жұмысшыларының рұқсат құжаттары мен санитарлық кітапшалары да болмай шықты.

Мұнымен қоса жұмысшылар, оның ішінде шетелдіктер де бар тұратын жай балалардың топтарына тікелей қолжетімді болған,

деді Ақмола облысы прокуратурасының өкілі.

Талдау нәтижелері бойынша басқармамен заңсыз берілген қорытынды кері қайтарылған. Степногор қаласы прокуратурасы актісі бойынша осы жылдың 20 қарашасында болған әдеп жөніндегі кеңесте Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Н.Абрамовичке қызметіне толық сәйкес келмейтіні жөнінде ескерту беру ұсынылды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago