Желі арқылы қыздарды сексуалды құлдыққа сатқандар ұсталды

Кәмелетке толмаған қыздарды жыныстық қанау мақсатында сатумен айналысқан қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы аталмыш қылмыс түрімен айналысып келген.

11 адамнан тұратын қылмыстық топ Шымкент, Тараз және Түркістан қалаларында жұмыс жасаған. Олар тіпті кәмелетке толмаған қыздарды да сатумен айналысқан.

Тергеу барысында жас қыздардың Қазақстанның түрлі қалаларында «ВКонтакте» әлеуметтік желісі мен таныстары арқылы жұмысқа қабылданғаны анықталды. Оларға қолайлы еңбек жағдайы мен жалақысы жоғары жұмыс ұсынылған.

Алдау мен құжаттарды тартып алу жолымен жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген, кейіннен қаланың жалдамалы пәтерлерінде, сауналарында және қонақ үйлерінде одан әрі пайдалану үшін сауда және айырбастау жүргізілген, алынған табысты өздері алып отырған. Бағынбаған жағдайда зорлық-зомбылық, бопсалау, ойдан шығарылған айыппұлдар мен есірткі қолдануға мәжбүрлеген,

деді спикер ҚР ІІМ апталық брифингінде.

Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 76 қылмыс тіркелген. Бұл қылмыстардың ішінде бесеуі – жезөкшелікпен айналысқаны үшін, тоғызы кәмелетке толмағандарды сатқаны үшін, жетеуі кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқаны үшін, 14-і адам саудасы үшін және 41-і жезөкшелік ордасын ұйымдастырғаны үшін ұсталған.

Сая Манарбековна

Recent Posts

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

6 дней ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

4 недели ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

3 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

5 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

9 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago