Әлеуметтік желіге шолу

Желіде Нұрсұлтан, Әнипа және Болат Назарбаевтардың бірге түскен суреті жарияланды

Әлеуметтік желілерде Болат Назарбаев ауруханаға жатқызылғаны туралы ақпараттан кейін оның Нұрсұлтан, Әнипа Назарбаевтармен түскен суреті жария болды. Алайда фотосурет нақты күні түсірілгені белгісіз.

Нұрсұлтан Назарбаевтың мүгедектер арбасында отырған Болат пен Әнипаның түскені суреті әлеуметтік желілерде тарады. Аноним дереккөздер Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда туған інісіне ауруханаға кіріп-шыққанын жазған. Олардың жанында суретте қарындасы Әнипа мен жиені Самат Әбіш тұр.

Фотосуреттің нақты қай күні түсірілгені белгісіз.

Былтыр жазда Болат Назарбаев онкологиялық ауруы анықталғаны хабарланған еді. Содан кейін экс-президенттің інісі фотодағыдай күйде болған. Суреттің Болат Назарбаевты ауруханаға жатқызу туралы ақпараттан кейін жарияланғаны да назар аудартады.

Ал Орталық клиникалық аурузанасының баспасөз қызметі өкілдері NUR.KZ тілшісіне оның денсаулық жағдайы туралы айтып берді.

Бүгінгі таңда пациент орталық аурухананың жансақтау бөлімінде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес пациенттің жағдайына қатысты жеке ақпаратты туыстарының келісімінсіз жария етуге құқығымыз жоқ. Бұл мәселеге түсініктеме беруге мүмкіндігіміз жоқ,

деп хабарлады аурухана өкілдері.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago