Categories: Оқиға

Желіде Павлодарда автобуспен болған жантүршігерлік апаттың видеосы тарады

Әлеуметтік желіде Павлодарда автобус пен көлік соқтысқан жол апатының видеосы тарады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол апатынан екі жолаушы зардап шеккен, оның біреуі жүкті келіншек. Екеуінің де жағдайы ауыр, бір аптадан бері жансақтау бөлімінде жатыр.

Қайғылы оқиға болған сәт автобус салонында орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада автобусқа тиген қатты соққыдан терезелер сынып, темір тұтқалар жұлынып кеткені көрсетілген. Негізгі соққы қазір ауыр халде жатқан екі жолаушыға түскен.

Қарындасымыз апаттың бірінші күнінен бастап жансақтау бөлімінде жатыр. Миы шайқалып, бет сүйектері сынған. Жағдайы ауыр, тамағында түтік бар, өздігінен дем ала алмайды,

дейді зардап шеккен 34 жастағы әйелдің туыстары.

Жүктіліктің төртінші айындағы келіншек сол күні ауруханадан үйіне келе жатқан екен.

Олардың айтуынша, жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысудан сақтанған, сондықтан автобусқа соқтығысқан. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ біз үшін қазір ең бастысы, әпкемнің сауығып кетуі. 10 наурызда оған ота жасалуы керек. Сауыққаннан кейін пластикалық хирургия қажет болады,

деп атап өтті әйелдердің туыстары.

Бет сүйектері сынған 55 жастағы жәбірленушінің де жағдайы ауыр.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

7 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 день ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

1 день ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

1 день ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

3 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago