Categories: Білім

Желіде «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болмайтыны туралы ақпарат тарады

Әлеуметтік желіде мектеп бітіруші түлектердің «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болмайтыны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Блогер Сәуле Бикитеева осындай жазба қалдырған.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөлімі тараптарынан 2022-2023 оқу жылын аяқтау туралы берген нұсқаулығына байланысты биылғы оқу жылы 31 мамыр күнімен аяқталады.

31 мамыр күні мектеп алаңында жалпы сапқа тұрғызып өткізетін «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны болмайтын болды. Сабақ кестесі бойынша барлық сабақтар өткізілген соң, оқу жылының соңғы сынып сағаты әрбір сынып бөлмесінде 45 минут ұзақтықпен өткізіледі. Оқу жылын үздік бітірген оқушыларға мақтау қағазын мектеп басшысының атынан сынып жетекшілері табыстайды,

деп жазған блогер.

Ол сынып сағаттарына сырттан ешқандай қонақтар, ата-аналар т.б. шақырылмайды және қатыстырылмайды деп отыр.

Пікір білдірушілер өз қарсылықтарын жазған. Көбі мұны қолдамай жатыр. Осы ретте Оғу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі 15 мамырға дейін шешім қабылданатынын айтты.

Айта кетейік, жыл басында депутат Аманжол Әлтай министрлікке  сауал жолдап, «соңғы қоңырау» кешін 31 мамырдан 1 маусымға ауыстыруды сұраған. Оқу-ағарту министрлігі де соңғы қоңырауға қатысты салтанатты іс-шараны 1 маусымда өткізуді ұсынып отыр.

Алайда әр мектеп іс-шара өткізу туралы шешімді жеке қабылдайды.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago