Оқиға

Желіде жарияланған видеодан кейін Жетісу полициясында тексеріс басталды

Әлеуметтік желілерде полицейдің ер адамның «әкім орынбасарының әйеліне» мемлекеттік нөмірді қайтаруды сұрап телефон шалғаны туралы видео жарияланды. Бұл оқиғаға қатысты Жетісту облысының полициясы өкілдері пікір білдірді, — деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналист Сандуғаш Дүйсенова Facebook-аккаунтында жүргізушіге көліктің мемлекеттік нөмірін қайтаруды сұрап хабарласқан адамның әңгімесі жазылған видеоны жариялады.

Басылымның сипаттамасында Талдықорған полициясының қызметкері мен өзін «223» деп таныстырған ер адам арасында диалог болған.

«Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін облыс әкімі орынбасарларының бірінің жұбайын ұстады. ( … ) Біраз уақыттан кейін полиция қызметкерлерінің біріне телефоны қоңырауы түсті.

Қоңырау шалушы өзін «223» деп таныстырып, неге Марат көліктің мемлекеттік нөмірін қайтармағанын сұрайды. Полиция қызметкері мемнөмірді қайтарудан бас тартып, бәрін заң жүзінде жасайтынын айтқанда телефон шалушы мемлекеттік нөмірді беруді сұрады, тағы бір рет әкім орынбасарының әйелі екенін ашық айтқан. Алайда ол бұл дәл әкімнің қай орынбасарының әйелі екенін нақтыламайды.

«Полиция қызметкері мемлекеттік нөмірді шенеуніктің әйеліне берді, бірақ ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы бойынша көлік құралдарын тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін хаттама толтырды», — деп жазды Дүйсенова.

Өңірлік ПД өкілдері KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл дерек бойынша қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

«Видео қызметтік тексеру дерегі бойынша ұйым назарына алынды. Роликте жазылған диалог полиция қызметкерлері арасында болғаны расталған жағдайда, іс жүзінде қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес шаралар қабылданады. Тексеріс нәтижелері туралы қосымша хабарланады», — деді ведомстводағылар.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago