Categories: Қоғам

«Желкесінен сүйреп»: Таразда студенттерді оқу орнынан күштеп ұстап әскерге әкетпек болған

Таразда колледж оқушылары оқу орнынан «ұрланды». Сабаққа келген алпысқа жуық жігітті шағын автобусқа тиеп алып кеткен, деп хабарлайды 31-арна.

Жоқ іздеген ата-ана балаларын көп ұзамай қорғаныс департаментінен тапқан. Еш ескертпестен әскерге балаларын әкету әрекетіне ата-аналар қарсы. Сарбаз сапын толтыру үшін көрінгенді көшеден күштеп әкетуге кім пәрмен бергені белгісіз.

Күні кеше колледжге барған оқушылар әскерден бір-ақ шыға жаздады. Олардың айтуынша, оқу орнына емтиханға дайындықты желеу етіп жиналысқа шақырған. Сөйтсе, алдап соғып автобусқа тиеп алып кетіпті.

Полицейлермен із кескен ата-ана ұрланған ұлдарын қорғаныс істер департаментінен тапқан.

Желкесінен ұстап бұл баланы неге сүйреп әкетіп бара жатыр? Ата-ана бұл әрекетке қарсы. Бұлар баланы ұрлап әкетіп отыр. Жай ғана емес, ұрлап, алдап әкетіп отыр. Ата-анасына еш ескертпеген,

деп күйінеді ата-ана Сейіт Нұраханұлы.

Жоғалған ұлдарын сұрай-сұрай Қорғаныс істері департаментіне тірелген ата-ана іштегі ахуалға алаңдайды. Көзбен көрмей, көңіліміз көншімейді деп көнбеді. Жарым жолда қалған оқуы не болады деген олар көрінгенді күштеп әскер сапын толтыруға кім пәрмен бергенін білгісі келді.

Көктемгі, күздегі төрт айлық әскерге шақырту маусымына Жамбыл облысынан жылына 3 мың азамат баруы тиіс. Бұл жоспарды толтыру үшін жергілікті әкімдік пен әскерилер осындай жаңашылдықты енгізіпті. Бірақ шикі тұсы көп болып, кеше әкелінген балалар медициналық тексерістен соң бәрі түгел үйіне жіберілген.

Ал балаларды бұл жаққа кім әкелді? Бұл қаншалықты заңды? Білсе бола ма?

Мен бұл сұраққа жауап бермеймін. Қайталап айтамын, балалар медициналық комиссиядан өтті. Медкомиссиядан өткеннен кейін қайтарылды.

деп ақталып отыр Жамбыл облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысының орынбасары Ерлан Маханов.

Дей тұрғанмен, Қорғаныс департаментіне жеткізілген оқушылардың арасында ерікті әскерге баруға ниеттілері де табылған.

Армияға барамын деген студенттер қолына әскерге шақырту қағазын алып кетті. Соңғы емтихандарын ерте тапсыруға департамент басшылары оқу орнына өтініш жібереміз деп отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago