Categories: Саясат

Жемқорлыққа үйір мемлекеттік органдардың тізімі белгілі болды

Қазақстанда жыл басында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау көрсеткіші артқан. Осы ретте Finprom.kz еліміздегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты тың ақпарат ұсынды.

Биыл қаңтар-ақпанда елімізде 438 қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 0,7%-ға артық.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбіне Алматы мен Астанада тіркеледі. Әр қалада 51 жағдай бойынша, тиісінше 2% және 6,3%.

Жемқорлық жиі тіркелетін өңірлер қатарында Қостанай, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бар.

Ал ШҚО, Абай және Ұлытау облысында сыбайлас жемқорлық қылмысы сирек тіркеледі.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың 37,4% пара беру арқылы жасалады. Осыған қатысты жыл басынан бері 164 жағдай тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45,1%-ға көп.

Сонымен қатар пара алу да кең таралған (141 жағдай, жылына минус 6,6%), сыбайлас жемқорлық саласындағы алаяқтық (39 жағдай, минус 30%), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе жымқыру (24 жағдай, минус 42,9%) және парақорлық бойынша делдалдық (22 жағдай, бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,4 есе жоғары).

Күдікті деп тану туралы қаулы шығарылған адамдардың саны 301-ге жетті. Аталған көрсеткіш бір жыл бұрынғыға қарағанда 25,4%-ға көп. Олардың арасында 243 күдіктінің қылмыс жасағаны анықталды, соның ішінде 159 күдіктіге қатысты іс сотқа жіберілді.

Мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлыққа ішкі істер органдарының қызметкерлері жиі жол береді (43 адам). Одан әрі әкімдіктер және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметшілері (26 адам), Ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (3 адам) сол сияқты Қаржы мониторингі агенттігінің (3 адам) қызметкерлері, Денсаулық сақтау министрлігі (3 адам) және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (сондай-ақ 3 адам) қызметшілері бар.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

1 месяц ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

5 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

11 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

11 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

11 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago