Фото: ашық дереккөзден
Соңғы 5 жылда азаматтық қорғау органдарында 150-ге жуық сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген.
ТЖМ-де сыбайлас жемқорлықтың 70 пайызын бөлімше басшылары жасаған. Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің әрбір екінші басшысы сыбайлас жемқорлық жасайды, деп хабарлайды Антикор баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстары еліміздің барлық өңірінде орын алған.
Олардың басым бөлігі Алматы, Астана, Шымкент қалаларына, сондай-ақ Қостанай және Алматы облыстарына тиесілі.
Анықталған қылмыстардың ішінде парақорлық пен жымқыру фактілері басым.
«Заңсыз сыйақы» өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру актісіне қол қою кезінде, оқудан өткізу, рұқсат беру және жұмысқа орналасу үшінберіліп отырған.
Агенттік төрағасы атап өткендей,жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарға қарамастан, ТЖМ қызметкерлері пара алудан тыйылар емес.
Күні кеше Жетісу облысында жергілікті ТЖ бөлім басшысы жұмысқа алған адамнан ақша алғаны анықталды. Бүгінгі іс-шараның өтетінін біле тұра, сонда да қылмысқа барып отыр.
Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент қаласының және Жетісу облысының департамент басшылары ұсталған болатын.
Олар өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырды, тексерілетін ұйымдарды келісімшарт жасасу жолымен қызметтерді сатып алуға мәжбүрлеп, олар бойынша уақтылы ақы төлеуін қамтамасыз етті деп күдіктенеді.
Басшылық құрамның қатысуымен болған сыбайлас жемқорлық фактілері Алматы қаласында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында да орын алған.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…